Шахтадағы апат: 45 кенші табылды, бір кеншіні іздеу жалғасып жатыр

29 Қазан 2023, 20:21
893
Бөлісу:
Шахтадағы апат: 45 кенші табылды, бір кеншіні іздеу жалғасып жатыр
Фото: архив

ТЖМ баспасөз қызметі 45 кеншінің денесі табылғанын, енді 1 кеншіні іздеу жалғасып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ Костенко атындағы шахтадағы жағдай бойынша сағат 20-00-дегі ақпаратты жариялады.

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізіліп жатыр. Кеншілер орналасуы мүмкін учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. 

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:
- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.
Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы