Ақтөбе көшелерін су басты

29 Қазан 2023, 00:15
647
Бөлісу:
Ақтөбе көшелерін су басты
Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде кеше алғашқы қар жауып, арты жаңбырға ұласты. Ақтөбеде толассыз жауған қар мен жаңбырдан кейін көлік қозғалысы қиындады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жауын-шашынның кесірінен қала көшелерін су басып, тұрғындар әбігерге түсіп жатыр. Әсіресе, қаланың Батыс-2 деген ауданында тұратындардан шағым көп. Астана ауданына қарайтын Мұстафа Шоқай көшесінде су көшеге жайылып кеткен.

Мұстафа Шоқай көшесінің бойындағы суағарларды белгісіз біреулер құрылыс материалдарының қалдығымен, қоқыстарымен бітеп кеткен. Қазір оның бәрін тазарттық, ассенизаторлар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардан арықтарға қоқыс тастамауын сұраймыз, – деді қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болат Серіков.

Қазір қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Су сорғылау жұмыстарына 50 арнайы техника бөлген. Жауын-шашын үдей түссе, әкімдік кезекшілікке шығатын техника санын тағы да ұлғайтпақшы.

Өзгелердің жаңалығы