Все новости за 19 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт қыркүйек айында іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт қыркүйекте іске қосылады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
-
Грек-рим күресінен халықаралық турнир: Демеу Жадыраев әлем чемпионын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың белдесу нәтижелерін ұсынды.
-
Мәскеудегі ауқымды өрт ауыздықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеудегі пиротехника қоймасында болған өрт ауыздықталды.
-
Салмақ қосу үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер-терапевт Меруерт Бақыт әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде салмақ қоса алмай, арықтығы жайсыздық тудырып жүрген адамдарға кеңес берді.
-
Арменияның экс-президенті «Спутник V» екпесін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғанын хабарлады.
-
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Литваны жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы Әлем Чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы екінші ойынын Литвамен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
-
Қазақстанға келген мигранттар қандай қызметпен айналысатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 5 еңбек мигрантының 3-і Қытайдан, Үндістаннан немесе Ұлыбританиядан келген. Елдегі шетелдік жұмысшылар негізінен құрылыс саласында жұмыс істейді.
-
Мәскеу орталығындағы үлкен қойма өртеніп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу орталығында орналасқан Лужнецкая жағалауындағы пиротеника қоймасында өрт болып жатыр.
-
«Спутник V» вакцинасын қандай аурулар кезінде егуге болмайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ҒЗО директоры Александр Гинцбург «Спутник V» вакцинасын егуге болмайтын ауру түрлерін атады.
-
Қарағанды облысының тұрғындары интернет сапасына шағымданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жуырда Қарағанды облысы Баймырза ауылының тұрғындары маған байланыс сапасына шағымданды. Бүгін интернетті тексеру үшін таңертең және кешке осы ауылға екі рет соқтым. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қостанай облысында жұмыртқа бағасы тұрақтанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы «ЖАС-КАНАТ 2006» ЖШС кәсіпорнына барып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты және әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын бақылауға алды.
-
Аймағамбетов: Қиын-қыстау кезеңде дәрігерлердің жанқиярлық еңбектерінің куәсі болдық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін педагогтердің атынан ақ халатты абзал жандар - дәрігерлерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтадым, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
-
Қазақстан СІМ басшысы Анталия дипломатиялық форумына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Үкіметінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірінші Анталия дипломатиялық форумының жұмысына қатысты.
-
Биотехнолог: Ресей мен Қазақстанда өндірілген «Спутник V» сапасында айырмашылық жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Молекулалық биолог, биотехнолог, биология ғылымдарының кандидаты Ілияс Есмағамбетов КВИ-ге қарсы «Спутник V» вакцинасын жасаған ғалымдар тобында жұмыс істеді. Ол дәрінің ерекшеліктері мен тиімділігі туралы айтты.
-
Ұжымдық иммунитет қалыптастырсақ, дәрігерлерімізге деген қамқорлығымыз сол болады – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтағанын айтып, дәрігерлердің ерен еңбегіне тоқталды.
-
Ақтөбедегі жол апатынан бір әйел көз жұмып, бірнеше адам жарақат алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жол-көлік оқиғасында әйел адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Тоғжанов пен Цой медицина саласының үздіктерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкері күніне орайластырылған «Біздің сүйікті дәрігер! Біздің батыр!» атты байқаудың марапаттау рәсіміне қатысты.
-
Шымкенттен бөлінгеннен кейін медицина саласы ақсап қалды – Шөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты.
-
Алматы ЖОО оқытушылары қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану мен география институтының оқытушысы, магистр Сұранчиева Ел-Дана Аманжолқызы қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцина туралы қауесеттерге сенбеуге шақырды.
-
Тасмағамбетов, Мәми үшеуіміз пәтер жалдап, кезекпен тамақ әзірлеген кезіміз де болды – композитор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» бағдарламасында композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов мемлекеттік қызметке келуіне себеп болған оқиға жайлы айтып берді.
-
Ұлттық ұлан Әскери институтынан 200-ден аса офицер түлеп ұшты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін құқықтық тәртіп әскерінің Петропавл қаласындағы білім ордасында жас офицерлердің 21-шығарылымы өтті.
-
Түркістан мен Ташкент арасында теміржол салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты.
-
Шөкеев «Керуен-Сарай» пенопласттан салынды деген сынға жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде «Керуен-Сарай» орталығының қандай материалдан салынғаны туралы айтты.
-
Өзбекстанмен шекарадағы Бағыс ауылының мәселесі шешілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты.
-
Қарулы Күштерде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі әскери дәрігерлерді Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Түркістан өңірінде 140 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
-
Үш жылда Түркістан облысына 1,6 млрд теңге инвестиция салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
-
Өмірзақ Шөкеев «Керуен-Сарай» кешені құрылысының тарихы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингі барысында «Керуен-Сарай» кешені құрлысының тарихы жайлы айтып берді.
-
Сенат төрағасы медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның медицина саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
-
Алматы облысында туризм бойынша алғашқы семинар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17-19 маусым аралығында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Алматы облысының Туризм басқармасы және Қазақстандық туризм ассоциациямен бірлесіп «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде турист қабылдайтын үйлердің иелері үшін алғашқы практикалық семинар өткізді.
-
Интернет-алаяқтық саны 2,3 есеге өсті – Тұрғымбаев
<p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Цифрлық технологиялар дәуіріндегі құқық» атты Қазақстан-Француз форумында интернет-алаяқтық саны өскенін айтты деп хабарлады Polisia.kz. <br>
</p>
-
Семей полигонындағы жарылысты тамашалап тұратынбыз – Төлеген Мұхамеджанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұрынғы Семей облысының Беген ауылында дүниеге келіп, полигон жарылыстарына куә болған әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов «Желмая» бағдарламасында сол жайлы естелігімен бөлісті.
-
Елордалық жас сарбаздар дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Хан шатыр» ойын сауық орталығына барып, «Вакцина пунктерінде» жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне гүл шоқтарын сыйлап, мерекемен құттықтады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Жапонияда аю төрт адамды жаралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Саппоро қаласына қоңыр аю кіріп кетіп, 4 адамды жаралады. Жыртқыш алдымен екі қарт кісі мен жасы 40-тар шамасындағы бір ер адамға шапқан.
-
Алматы жастары есірткі жарнамасының көзін жоюға көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы жастары полицияға есірткі жарнамасын бояп тастауға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Ресейде ұшақ апаты болып, бірнеше адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемеров облысында Л-410 ұшағы апатты жағдайда қонып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазды РИА Новости.
-
#Желмая. Шенеунік халықтан қашпауы керек – Төлеген Мұхамеджанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – әйгілі композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов.
-
19 маусым – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрылған күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін еліміздің әуе қалқаны деп атайды. Бұл әскерлердің басқармасы осыдан 29 жыл бұрын құрылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық Олимпиада күнін Қазақстанда атап өту эстафетасын Солтүстік Қазақстан өз мойнына алды. Петропавлда жаппай велошеру өтті. Велошеруді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастады, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Қазақстанда 2 719 987 адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 19 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 2 719 987, II компонентпен 1 625 866 адам вакцина салдырды.
-
Қазақстан мен Ауғанстан трансұлттық қылмыспен күресте күш біріктіруді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен және осы елдің ішкі істер министрінің орынбасары Мохаммад Хашем Ортакпен кездесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Ұлттық нейрохирургия орталығында болып, онда жаңа радиология және радиохирургия бөлімінің жұмысымен танысты. Үкімет басшысына Швецияда шығарылған заманауи «Гамма-пышақ» кешені таныстырылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі Медициналық қызметкерлер күні мерекесіне орай концерт берді.
-
Головкин мен Муратоның жаңа жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапондық Риото Муратоның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі болды, деп жазды sports.kz.
-
Қазақстан мен Черногория арасында әуе рейсі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстаннан Черногорияға тікелей әуе рейстерінің ашылу салтанатына қатысты,деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Биылғы қуаңшылық алаңдатып отыр – кәсіпкер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласынан Жидебайға дейін баратын салт аттылар экспедициясы еліміздің төрт облысын басып өтеді. Осы сапарда талай адаммен жолығып, талай пікір естіп келеміз. Соның ішінде ең көп естіген мәселе - биылғы жаздың өте ыстық екені, жаңбыр жаумай, жер жаз басталмай жатып-ақ қурап бара жатқандығы.
-
COVID-19: Елорда әлі де «қызыл» аймақта қалып тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 19 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Түрмеге телефон алып кірмек болғандар ұсталды – Тараз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда түзету мекемесіне ұялы телефон кіргізбек болғандардың әрекеті іске аспай қалды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 778 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 778 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1148 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1148 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық чемпионаты басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше, 18 маусымда Қарағандыда үстел теннисінен командалық Қазақстан ашық біріншілігінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
АҚШ COVID-19-ға қарсы дәрі өндіруге қыруар қаржы бөледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ үкіметі жаңа бағдарламаға 3,2 млрд доллардан астам инвестиция құяды. Оның мақсаты – COVID-19 ауруына қарсы дәрі-дәрмекті жасап шығару деп жазды The New York Times басылымы, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Есірткі жарнамалағаны үшін 3 жылға сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында қабырғалар заңсыз граффитиге толып кеткен және жай шимай емес: негізінен көпқабатты үйлердің қабырғаларына түсірілген қою жазбаларда есірткі жарнамалайтын сайт, электронды мекенжай көрсетілген.
-
АҚШ-тың Нью-Мексико штаты санитарлық шектеулерді толығымен алып тастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Мексико штатының билігі 1 шілдеден бастап барлық санитарлық шектеулерді алып тастауға дайындалып жатыр, деп хабарлады CNN.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жасыбай жағасында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласынан Жидебайға дейін баратын 1000 шақырымдық тарихи сапар жолдың үштен бірін басып өтіп, Жасыбай жағасына ат басын тіреді.
-
БҚО-да жол апатынан 2 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодардағы қираған көпқабатты үйге қатысты кешенді тексеріс жүргізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қираған көпқабатты үйге қатысты кешенді тексеріс шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Академиялық филармонияның Үрлемелі оркестрі XX маусымын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің «Атамекен» атты XX маусымның жабылу концерті өтті.
-
Павлодар мен Қарағанды облыстарында дала өрті болып жатыр
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының Баянауыл, Құмдыкөл, Жаңажол, Сәтбаев, Қызылтау өңірлерінде және Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты бірнеше ауылдың жайылым жері өртеніп жатыр.
Наверх