Салмақ қосу үшін не істеу керек?

19 Маусым 2021, 22:41
7031
Бөлісу:
Салмақ қосу үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер-терапевт Меруерт Бақыт әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде салмақ қоса алмай, арықтығы жайсыздық тудырып жүрген адамдарға кеңес берді.

Дәрігердің айтуынша, пациенттердің көбісі майлы тамақтарды көп жеймін, жиі тамақтанамын, бірақ арықпын деп жатады. Бірақ осындай рацион арқылы жиі асқорыту проблемаларын жинап алады. 

Салмақ қосқыңыз келсе, алдымен келесі себептермен күресіңіз. Оның ең біріншісі - күйзеліс (кортизол гормонының катаболикалық әсері). Егер сіз стресте болсаңыз, кортизол бұлшықеттеріңізді қазақша айтқанда жейді. Сондықтан да стрестік жағдайды дәрісіз немесе дәрімен болсын басу керек. Көп арық адамның басым бөлігі кейбірінде патологиялық жағдай болмаса (гипертериоз, ДТЗ, зоб), стреске жиі бейім келеді. Дәрісіз стрестен арылу жолдары медитация, не йога, тыныс жаттығулары және басқа да техникаларды өмір салтыңызға енгізу керек, - дейді ол.

Сонымен қатар Меруерт Бақыт асқорту мүшелерін қалыпқа келтірудің маңызы туралы айтты. 

Себебі салмақ қосу үшін сіз тамақ арқылы құрылыс материалдарын (белок, май, көмірсу) жинауыңыз керек. Рационыңыздан тәттілер мен жеңіл сіңетін көмірсуларды, глютен, сүт тағамдарын(казеин, лактоза) алып тастау керек (ең болмағанда 1-2 ай). Осы арқылы ағзадағы паразиттер мен грибоктардан да құтыласыз. Сондай-ақ асқазан сөлін ынталандыру керек. Ол үшін тамақ ішер алдында жарты стақан суға лимон шырынын тамызып ішу қажет. Бұдан бөлек рационыңызға шикі көкөністер мен жемістерді де қосу керек. Өт дұрыс бөлінуі үшін рационда міндетті түрде май да болуы қажет. Ішектердегі пайдалы бактерияларды көбейтудің де маңызы зор. Ол үшін тағамға клетчатка қосу, яғни көкөністер, жемістер, аскөктерді қосып отыру керек. Сонымен қатар ұзақ қайнатылған сүйектерден жасалған сорпа ішіп тұру керек, - дейді терапевт.

Меруерт Бақыттың айтуынша, салмақ қосу үшін ұйқыны дұрыстау қажет. Ең дұрысы сағат 23.00-00.00 дейін жатып, кемінде 6-7 сағат ұйықтау керек.

Өзгелердің жаңалығы