Түркістан мен Ташкент арасында теміржол салынады

19 Маусым 2021, 16:48
1380
Бөлісу:
Түркістан мен Ташкент арасында теміржол салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде айтты. 

Оның айтуынша, Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.

2025 жылға дейін Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен туризмді дамытуға оң әсер береді, - деді ол.

Сонымен қатар өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курортты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше  «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда.

Жоба туристік саланы дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50-іне енгізілген. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында республикада теңдесі жоқ көпфункционалды «Керуен-Сарай» туристік кешені іске қосылды. Кешен өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы