Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жасыбай жағасында

19 Маусым 2021, 04:33
1880
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жасыбай жағасында
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласынан Жидебайға дейін баратын 1000 шақырымдық тарихи сапар жолдың үштен бірін басып өтіп, Жасыбай жағасына ат басын тіреді.

Әйгілі ғұлама Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің кесенесінен аттанған шағын топ 65 шақырым жолды артқа тастап, Баянауыл баурайындағы айтулы айдынға жетті.

2.jpg

Күн күндегіден де ыстық. Ат та, адам да қаңсып, қай жерде көлшік бар соны іздеп кетеді. Бірақ тапқан арқаржалақ көлшіктің өзі тұзы бетіне шыққан, ішкен сайын шөлдетер сор. Осылай шілде шықпай шыжыған күннің астында шыжғырылып келе жатқанда алыстан бір қыстақ көрінді.

3.jpg4.jpg

Бұған дейін осы өңірден бірнеше рет өткен экспедиция жетекшісі Берік Ақылбеков сол жерде құдық барын айтты. Бұл сөз біз үшін «шешең шай қайнатып отыр» дегенмен бірдей естілді. Ат басын бірден қыстаққа қарай бұрдық.

Алдымыздан аңқылдап ақеділ азамат шықты. Өзін Дәуіт Серіков деп таныстырған бозым жігіт осы қыстақтың иесінің баласы екен. Аңқылдап қалған азамат атымызға су беріп, өзімізді қымыз ішуге үйге шақырды.

6.jpg

Тіл үйірер салқын қымызды сіміре отырып Дәуіт бауырымыздан сыр тарттық. Биылғы жаздың қуаңшылыққа ұрындырып бара жатқанын айтқан шаруа иесі, тасаттық бергенімен, әлі ештеңе болмай жатқанын айтты. Дәуіт Серіковпен өткен сұхбатты алдағы уақытта BAQ.KZ сайтынан оқисыздар.

7.jpg

Дәуіттің отырған жері Қамысақты деп аталады екен. Әңгімешіл жігіт әкесінің сәл сырқаттанып қалып, ауруханада жатқанын айтты. Әйтпесе бізбен бірге экспедиция құрамына ілесіп, қалаған жеріне дейін барар еді.

8.jpg

Қамысақтыдан қарын тойдырған салт аттылар бірден Жасыбай көліне тартты.

111.jpg

Көл жағасына жеткенше түнгі сағат 23-тен асты. Ертең осында еру болу үшін аттарды таңасыра қаңтарып тастап, жігіттер демалуға жатты.

9.jpg


Өзгелердің жаңалығы