Грек-рим күресінен халықаралық турнир: Демеу Жадыраев әлем чемпионын жеңді

19 Маусым 2021, 23:34
1786
Бөлісу:
Грек-рим күресінен халықаралық турнир: Демеу Жадыраев әлем чемпионын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың белдесу нәтижелерін ұсынды.

Стамбулда өтіп жатқан байрақты додаға Қазақстан құрамасынан жеті балуан қатысып жатыр.

60 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымнан жарыстан шықты. Ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбиевке 2:9 есебімен есе жіберді.

77 келіде сынға түскен Тамерлан Шадукаев қырғызстандық Ақылбек Талантбеңовтен 4:6 есебімен жеңілді. 

Қазақстан сапынан 87 келіде екі спортшы кілемге шықты. Азамат Құстыбаевты ирандық Танерисартанг Рамин 6:0 есебімен жолдан ығыстырса, Нұрсұлтан Тұрсынов жарысты сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Световлав Николовты 10:1 есебімен жеңді. 

Ал 77 келіде күрескен Демеу Жадыраев венгриялық Томаш Ларенцті 4:3 есебімен ұтып, жеңісті жолын жалғастыруда. Айта кетерлігі, оның алғашқы қарсыласы грек-рим күресінен әлем чемпионы болатын.

Айта кетерлігі, 82 келіде Асхат Ділмұхамедов жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ.


Өзгелердің жаңалығы