АҚШ-тың Нью-Мексико штаты санитарлық шектеулерді толығымен алып тастайды

19 Маусым 2021, 05:36
3929
Бөлісу:
АҚШ-тың Нью-Мексико штаты санитарлық шектеулерді толығымен алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Мексико штатының билігі 1 шілдеден бастап барлық санитарлық шектеулерді алып тастауға дайындалып жатыр, деп хабарлады CNN.

Мұндай мәлімдемені штат губернаторы Мишель Гришам жасады.

Губернатордың баспасөз хабарламасында айтылғандай, штат соңғы бірнеше айда ашық болған, бірақ ресми «ашылу күні» 1 шілдеге белгіленген. Бұл дегеніміз, барлық кәсіпорындар 100% жұмыс істей алады және көпшілік іс-шараларды үйде де, көшеде де өткізуге қойылатын шектеулер алынып тасталады.

Еске сала кетейік, 14 мамырдан бастап мемлекет вакцинацияланған тұрғындардың маскасыз жүре беруіне рұқсат берді.

Жұма, 18 маусымдағы жағдай бойынша, штат тұрғындарының 59,4%-ы толықтай вакцинацияланған.


Өзгелердің жаңалығы