Павлодардағы қираған көпқабатты үйге қатысты кешенді тексеріс жүргізіледі

19 Маусым 2021, 02:32
2599
Бөлісу:
Павлодардағы қираған көпқабатты үйге қатысты кешенді тексеріс жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда қираған көпқабатты үйге қатысты кешенді тексеріс шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимарат құрылыс саласында тәжірибесі жоқ жекеменшік компанияға тиесілі екені белгілі болды. Алдын ала дерек бойынша, нысанды салу наурыз айында басталған. Үйдің бірнеше қабаты құлап, 100 шаршы метр аумақ зақымданған. Төрт қабатты үйдің құрылысына қалалық әкімдік рұқсат берген. Қазір жұмыстар тоқтатылып, еңбек басқармасы мен полиция департаменті оқыс жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр. Кеше кешкілік уақытта көп қабатты үй опырылып түсіп, үш азамат зардап шекті. Олардың денсаулығы орташа деңгейде. Барлығы шетел азаматтары болып шықты.

Алдын ала болжам бойынша жұмысшылар Өзбекстан азаматтары. Нақтысы кейін белгілі болады. Олар рұқсатсыз жұмыс істеген. Мүмкін жалдамалы жұмысшылар шығар. Бірақ ресми рұқсаттары болмаған. Біз өз тарапымыздан тексеріс бастаймыз. Еңбек қатынасының болған-болмағанын анықтаймыз, – дейді облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Қапанов.

Өзгелердің жаңалығы