Қазақстан мен Ауғанстан трансұлттық қылмыспен күресте күш біріктіруді талқылады

19 Маусым 2021, 11:14
2821
Бөлісу:
Қазақстан мен Ауғанстан трансұлттық қылмыспен күресте күш біріктіруді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохибпен және осы елдің Ішкі істер министрінің орынбасары Мохаммад Хашем Ортакпен кездесті, деп хабарлады Polisia.kz.

Кездесу барысында тараптар трансұлттық қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен басым мәселелерін талқылады. Хамдулла Мохиб келісім базасын кеңейту аясында қылмыспен күрес саласында меморандум жасасу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Кездесуге қатысушылар есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, осы саладағы ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Хамдулла Мохиб Ерлан Тұрғымбаевқа ІІМ Қарағанды академиясында ауған курсанттарын оқытқаны үшін алғыс айтты.


Ауған тарапы Қазақстандағы қауіпсіздік деңгейін, Ішкі істер органдарында жүріп жатқан жаңғыртуды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен полиция қызметіндегі цифрландыруды жоғары бағалады.

Өзгелердің жаңалығы