Алматы ЖОО оқытушылары қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды

19 Маусым 2021, 17:45
1413
Бөлісу:
Алматы ЖОО оқытушылары қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану мен география институтының оқытушысы, магистр Сұранчиева Ел-Дана Аманжолқызы қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцина туралы қауесеттерге сенбеуге шақырды. 

Мен «қорғалуым керек» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені туризм саласында жұмыс істеймін, студенттерге сабақ беремін. Сондықтан мен өзімді, жақындарымның денсаулығын алаңдаймын. Алғашқы күндері Алматы қаласында жаппай вакциналау барысында екпе алдым. Мен медицинаға, ғылым мен білімге сенемін, – деді Ел-Дана.
Алматы ЖОО оқытушылары қала тұрғындарын коронавируспен күресте күш біріктіруге шақырды

Жас оқытушы вакцинадан кейін жанама әсер болмайтынын айтты. Керісінше, вакцинаның арқасында оқушылар мен мұғалімдер мектеп қабырғасында білім алады, сондай-ақ, күнделікті өмірге оралудың ең тиімді жолы. 

Ел-Дана Сұранчиеваның айтуынша, КВИ вакцинасымен өзара әрекеттесу кезінде асқынуларды алдын алу үшін тексеруден өтіп, дәрігерлер сіздің жағдайыңызды білуі керек.

Әрбір азамат өзі үшін де, басқалар үшін де қаншалықты маңызды екенін түсініп, өзін моральдық және физикалық тұрғыдан дайындауға тиіс. Менің отбасым вакцина мәселесіне  ерікті түрде келді. Ата-анам қытайлық Hayat-Vax» вакцинасын алды, ал мен «Спутник V» вакцинасын таңдадым. Менің таныстарым да коронавирусқа қарсы екпе алды. Біз бірге КВИ-ге қарсы күресті күшейтеміз, – деді.

Өзгелердің жаңалығы