Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін педагогтердің атынан ақ халатты абзал жандар - дәрігерлерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтадым, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
Қоғамдағы маңызды мамандық иелері - ұстаздар мен дәрігерлердің есімдері ерекше құрметпен аталады. Бірі - балаларымызды білім нәрімен сусындатса, екіншісі - адам өміріне араша түсетін жандар. Мен үшін өз ісінің үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысып, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарға марапат табыс ету - зор мәртебе, - деді ол.
Министр пандемия жағдайында дәрігерлердің қажырлы еңбектері қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінгенін айтып өтті.
Медицина қызметкерлеріне күнделікті қажырлы еңбегі үшін алғыс айта отырып, кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Пандемия жағдайында сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қаншалықты маңызды әрі өзекті екендігі айқын көрінді. Біз қиын-қыстау кезеңде сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің куәсі болдық. Сіздер өз өмірлеріңіз бен амандықтарыңызды екінші кезекке қойып, уақытпен санаспай, күн-түн демей, барлық күш-жігеріңізді адамдардың өмірін сақтап қалуға арнадыңыздар. Сонымен бірге бүгінгі шара барысында Covid-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны жасап шығарған біздің институтымыздың ғылыми қызметкерлерінің еңбегі де ерекше атап өтілді. Мерекелеріңізбен, ақ халатты абзал жандар!, - деді Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: