Все новости за 12 мамыр 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды.
-
Қытайда Орталық Азия СІМ басшылары кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» форматындағы 2-отырысқа қатысты.
-
Футболдан Қазақстан Республикасы Президентінің Супер кубогы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуесқой шағын футбол лигалары жүлдегерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Супер кубогы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.
-
Қарағанды облысында екі жаңа өндіріс іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың қатысуымен Қарағанды облысында бірден екі жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
-
Қарағандыда экологиялық таза жем өндіріле бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында құс, мал және балық үшін жасыл жем шығару жоспарлануда. Жаңа технологияның арқасында Израиль инвесторлары қазақстандық еттің бірегей брендін жасауға уәде беріп отыр.
-
Сапарбаев мектептерде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте орын алған қайғылы оқиға баршаны алаңдатып қана қоймай, сабақ болуы тиіс. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын барынша күйшейтуге қатысты тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінде арнайы шұғыл жиын өтті.
-
Қазақстан мен Франция денсаулық саласындағы ынтымақтастыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Франция Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Атырау боксшыларын Олимпиада ойындарына апару жолында жұмыс істеп жатырмыз – Шухрат Данбай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір айының орта тұсында Атырау жасөспірімдер боксының орталығына айналды. Өйткені мұнда осы спорт түрінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
-
Мәсімов кезектен тыс отырыс өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді.
-
Тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасына қатысты ұсыныстар айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бастамасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге қатысты конференция өтті.
-
Халықаралық әуе рейстер саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін келесі бағыттар бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді.
-
Илья Ильин COVID-19-ға қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин елордадағы «Keruen» СОО-да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды. Спортшы вакцинациядан бұрын міндетті медициналық процедуралардың бәрінен өтті.
-
Оқушылар мен студенттер Әубәкіровпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде тұңғыш қазақ ғарышкері, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен онлайн форматта кездесу өтті.
-
Алматыда жойқын жер сілкінісі туралы алдын ала хабар беретін құрылғы орнатылып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде айтты.
-
Сағынтаев: Қаланың әрбір екінші қонағы – шетелдік турист
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таулы бағыттарды абаттандыру шаралары туралы айтты.
-
Алматыда бейнебақылау камералар көмегімен 1,5 мыңға жуық қылмыс ашылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде айтты.
-
Тоқаев Жапонияның премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті.
-
Алматыда жыл басынан бері қылмыс 21,3%-ға төмендеді - Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг барысында бағдарламасында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі жайлы баяндады.
-
Ораза айт намазында санитарлық талаптарды қатаң сақтау талап етіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Ораза айт мерекесі – қасиетті Рамазан айының аяқталатын күні. Бұл жұртшылық үшін үлкен маңызға ие. Биыл Ораза айт намазы 13 мамыр күні таңғы сағат 7:00-де Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің аумағында карантин шараларын сақтай отырып, ашық аспан астында өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Марат Сұлтанғазиев қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Өрт сөндіргеннен кейін шаршап ұйықтап жатқан өрт сөндірушілер көпшілікті елжіретті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте Риддерде болған ормандағы өртті сөндіріп болып, қалжырап ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің видео пайда болды.
-
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Әли Алтынбаев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Аталған топқа ұдайы жол мәселесін көтеріп, өкілетті органдарға жиі барып жүретін қоғам белсенділері кірген. Облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен журналистер де осы құрамда.
-
ИИДМ Бармақовтың тағайындалуын «түсінбеушілік» деп түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автожолдар комитетінің бұрынғы төрағасы Сайранбек Бармақовты «ҚазАвтоЖол» Алматы облыстық филиалының басшысы қызметіне тағайындау туралы хабарламаны «түсінбеушілік» деп атады.
-
Медсақтандыру жарнасын төлемеген қазақстандықтардың саны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов 2,9 млн қазақстандық жүйеден тыс қалғанын айтты.
-
Заң жобасы: Кәсіпкерлік қызмет және реттеушілік саясат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде кәсіпкерлік қызмет саласындағы реттеушілік саясатты жүзеге асыруға қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізілді. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментi директорының орынбасары Махамбет Мыңбаев заң жобасының негізгі мақсаты жайлы айтып берді.
-
Оңалтудың мақсаты – нашақорлардың ойлау қабілетін өзгерту
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында есірткіге тәуелді 450 адам есепте тұр. Зеренді ауданындағы есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығына нашақорлар емделу курсынан кейін келеді.
-
Айлығым азайып қалды, 1 млн 500 мың ғана аламын – Медициналық сақтандыру қорының басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов өзінің еңбекақсының мөлшерін айтты.
-
Сағынтаев селден қорғайтын бөгеттер құрылысының барысын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Аюсай өзенінің сағасынан төмен Ақсай мен Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі селден қорғайтын бөгеттердің құрылысымен танысты.
-
Елордада тағы бір сауда орталығында вакцинация пункті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тағы бір ірі СОО – «Сарыарқада» коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.
-
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.
-
Жамбылдық полицейлер 2 млн теңге көлеміндегі есірткі затын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 6 мамырда түнгі сағат 02.00 шамасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының Тасөткел ауылынан 15 шақырым жерде «Suzuki» маркалы мотоциклін тоқтатқан.
-
Осылай еркелеп жүруіміз халықтың арқасы – Бақтияр Артаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев Олимпиадада киген спорттық киімдерін Ұлттық музей қорына тапсырды.
-
Стенд атудан әлем кубогі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Лонато қаласында стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Olympic.kz «скит» жаттығуы бойынша қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынады.
-
Риддердегі өрт толықтай сөндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га –орман аймағы) ауыздықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
-
Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 115 млрд теңгеден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 30-сәуіріне дейін Медициналық сақтандыру қорына 621 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
-
Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар аудандық сотында әуежай маңындағы жер телімдерін заңсыз сатқан шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты.
-
Қостанайда «Жасыл ел» жасақтарына 200 орын бөлінді
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай қаласында «Жасыл ел» жасақтарына өтінімдер қабылдау 17 мамырда басталады.
-
«Алтын белгіге» биыл қанша оқушы үміткер?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды.
-
Депутат: Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк цифрлық валютаны енгізу тұжырымдамасын әзірлеуі қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Тілектеc Адамбеков өзінің депутаттық сауалында айтты.
-
12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық мекемелердегі барлық жұмыстардың 80%-дан астамы мейіргерлердің мойнында. Олар күн сайын, күніне 24 сағат пациенттерге қамқорлық жасайды – тамшылар қояды, таңғыштарды ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен жалпы жағдайын бақылайды, ауыр науқастарды емдейді.
-
Депутаттар Тоғжановқа жалдамалы жұмысшылар мәселесіне қатысты сауал жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Үкімет мүшесі Ералы Тоғжановқа жалдамалы жұмысшылардың жағдайына қатысты сауал жолдады.
-
Нығматулин: Зымыран-тасығыштағы апаттан келтірілген залалды өтеу тетігін пысықтау қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин зымыран-тасығыштардың апаты салдарынан болған экологиялық залалды өтеудің нақты тетігін әзірлеу қажет деп санайды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Сабақтарын музыкалық залдарда өткізуге тура келеді: Депутат спорт залы жоқ мектептер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары Үкіметке спорт залдары жоқ мектептер мәселесіне қатысты сауал жолдады.
-
Депутат: Ұлттық қордан алынған қаражат болашақ ұрпақтың несібесін жеп қоюмен пара-пар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Сембинов Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдады. Ол Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді.
-
Оқушылар болашақ мамандығын қайдан таңдай алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында BTS Education және «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек түлектердің болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндігі бар екенін айтты.
-
Коронавирус: Барлық ұшақ жолаушысы ПТР-анықтамамен келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 11 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.
-
Қазақстанда жастарға арналған екі жаңа жоба басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов айтты.
-
Балалардың қауіпсіздікте болуы үшін бар жағдайды жасауымыз қажет – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым, деп жазды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook -тегі парақшасында.
-
Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры алдағы күндері КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өткізбекші.
-
Конституциялық Кеңес Президенттің өтінішін іс жүргізуге қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады.
-
Қазандағы оқиғадан кейін депутаттар Қазақстан мектептеріндегі күзетті күшейтуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» фракциясының депутаттары Премьер-министр Асқар Маминге еліміздегі білім беру нысандарын күзетуді күшейтуді ұсынды.
-
Алматыда вирус жұқтыру жағдайы бәсеңдеп келеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру бәсеңдеп келеді. Бұған дейін күніне 600-700 адамның вирус жұқтырғаны тіркеліп келсе, 11 мамыр күні 391 жағдай тіркелген.
-
Депутаттар соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа биылғы оқу жылындағы соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеуге байланысты депутаттық сауал жолдады.
-
Тарихи мұраларды тонағандарға қылмыстық жаза қолдануды ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа тарихи ескерткіштерді сақтауға қатысты сауал жолдады.
-
Қазандағы қайғылы оқиға: Ильназдың әпкесі оның қандай бала болғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда мектеп оқушыларына оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің жақын әпкесі қылмыскердің қандай бала болғанын айтты.
-
Депутаттар «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы заңды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңның жобасы мақұлданды.
-
ШҚО кәсіпорындардың 68 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдің 10 мыңнан астам кәсіпорнында еңбек қауіпсіздігінің сақталуына жағдай жасайтын ұжымдық шарттар жасалған.
-
Мәжіліс «Байқоңырдан» зымырандарды ұшыруға қатысты заңды Сенатқа жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңның жобасын Сенатқа жолдады.
-
Стамбұлға ұшатын рейстер саны көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия-Қазақстан арасында Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компанияларының рейстері ашылады.
-
Осындай уәделеріңіз қашан аяқталады? Нығматулин Мусин басқаратын министрлікті сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжiлiсі төрағасы Нұрлан Нығматулин қашан кеңжолақты қолжетімді интернет болады деп Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусинге сұрақ қойды.
-
СҚО-да спорттық нысандарды салуға 2 млрд 995 млн теңге бөлінді
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Оның 885 миллионы «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша бөлінсе, 2 млрд 110 млн теңгесі «Жұмыспен қамтудың жол каратсы» бағдарламасы аясында.
-
Мобильді ХҚКО-лар Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Риддер қаласындағы өрттен зардап шеккендердің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуде.
-
Ауылшаруашылық өнімдері көлемі бойынша төрт облыс өсім көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
-
Тұрақтандыру қорлары уақытылы толтырылып отыруы қажет – Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Ноғаев биыл қанша тонна мұнай экспортталғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Балқаш туризмін дамыту үшін бірқатар шара қолға алынған
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел арасында «көгілдір теңіз» аталған Балқаш көлінің суына түсіп, құмына қыздырынғысы келетін саяхатшылардың қатары жыл санап артып келеді. Ресми деректер жыл сайын Балқашқа 80 мыңнан астам турист келетіндігі айтылады. Алдағы жылдары бұл сан бес есеге дейін артпақ.
-
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұру үшін қандай шаралар жүзеге асуда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында елде әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының себепсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы айтты.
-
Мамин өңір басшыларына жаңа тапсырмалар жүктеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Бүгін елдегі эпидахуалды бағалау матрицасы өзгеріссіз тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық саласында байқалды – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Ең жоғары баға өсімі қай облыста тіркелгені белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
-
Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Атамқұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Жамаубаев жекешелендіру аясында қанша нысан сатылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Ұлттық банк төрағасы сәуірдегі инфляция жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрғасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.
-
Қаржы министрі бюджетті игермеген министрліктерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Жамаубаев республикалық бюджетке қанша кіріс түскенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Ерғалиев экономикалық көрсеткіштер бойынша өңірлерді жіктеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Палестина-Израиль қақтығысы: Қазақстан ресми мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасап, Палестина-Израиль қақтығысында барлық тарап ұстамдылық танытып, жағдайдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет екенін айтты.
-
Қазақстан 11,5 млрд доллардың тауарын экспорттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатыр – Ерғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.
-
КВИ мен пневмониядан 21 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 мамырдағы ақпаратты жариялады.
-
ДДСҰ: Үндістанда шыққан коронавирустың жаңа штамы өте қауіпті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда шыққан коронавирустың жаңа штамын қауіпті деп танып, індеттің ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
2816 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2816 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1811 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1811 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Ақтауда ескірген қоғамдық көліктің 95 пайызы жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр аймақ әкімдігі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе жоба жасақтаған еді.
-
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
-
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен ауғандықтар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл тұрғыны полицияға шекараны заңсыз кесіп өтіп, облыс орталығында еш құжатсыз тұрып жатқан Ауғанстанның 4 азаматын анықтауға көмектескен.
-
Елорда жолдарында жасыл түсті жолақтар пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар жасыл түске боялады.
-
Елордада «Бопай ханым» спектаклі қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-15 мамыр күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Бопай ханым» тарихи трагедиясын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
-
Баспана бағасы қымбаттап барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика бойынша бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады.
-
Ораза айт намазы мешіт ауласында оқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылады. Бұл туралы ҚМДБ арнайы мәлімдеме жасады.
-
ШҚО-да тағы 8 үй өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде бірнеше үйді қызыл жалын шарпыды.
Наверх