Ең жоғары баға өсімі қай облыста тіркелгені белгілі болды

12 Мамыр 2021, 09:59
3177
Бөлісу:
Ең жоғары баға өсімі қай облыста тіркелгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан азық-түлік өнімдерінің бағасы 4,8%-ға өсті. Аталған көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-сәуір айында тіркелген 5,5 пайыздық көрсеткіштен төмен. Дегенмен биыл сәуірде бағалар 1,7%-ға қымбаттады. Бұл қабылданып жатқан шараларға қарамастан бірнеше себепке тиесілі.

Ең жоғарғы баға өсімі Атырау облысында, мұндағы өсім 6,8 пайызды құраған. Нұр-Сұлтан қаласында 6,3 пайыз және 5,6 пайыздық өсім Шымкент қаласында тіркелген. Бағаның ең төменгі өсімі 4% - Алматы облысында, 4,3% - Қарағанды облысында және 4,4% - Қызылорда облысында тіркелген.

Енді баға өсімінің факторларын айтатын болсақ, бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдер, оның ішінде қант, қарақұмық жармасы, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар - күнбағыс майы, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде бағаның өсуі байқалатын көкөністер қымбаттады. Сақтау шығындарының артуы және қорлардың қысқаруы көкөністер импортының ұлғаюына әкелді. Бұл ретте бағаның өсуі бүкіл әлемн елдерінде де тіркелді, - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне сәйкес төрт айдың ішінде бағаның орташа өсімі 11,4%-ды құраған.

Көршілес Ресей Федерациясымен салыстырғанда, біздің елімізде азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 2-3 есе төмен.

Айта кетейік, отырыс барысында Ұлттық банк төрағасы сәуірдегі инфляция жайлы айтты.


Өзгелердің жаңалығы