Ноғаев биыл қанша тонна мұнай экспортталғанын айтты

12 Мамыр 2021, 10:25
1568
Бөлісу:
Ноғаев биыл қанша тонна мұнай экспортталғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Есепті кезең ішінде 22,1 млн тонна мұнай экспортталды. 4 айда 18,1 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл 100 пайызды көрсетті. Сұйытылған мұнай-газының көлемі 1,7 млн тоннаны құрады. Экспортқа шығарылған газ көлемі – 2,87 млрд теңше метр. Биыл 4 айда 4,1 млн тоннадан астам мұнай өнімі өндірілді, - деді Ноғаев.

Министр атағандай, әуе отыны бойынша көрсеткіш 170 мың тонна екенін айтты.

Есептік кезеңде битум өндірісі 200 мың тоннаға жетті. Жоспар 87 пайызды құрады. Ол бойынша жоспардың орындалмауының себебі қаңтар-ақпан айында ауа райының температурасы күрт төмендеуінің есебінен «ГазПромНефтьБитум» мекемесіне газ беру шектелген болатын, - деді ол.

Министр бұл мәселе бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ Шымкент 4 газ тарату станциясының Леңгір шығыс жүйесін қайта жөндеу жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

Бұл мәселелер шешілген соң, көктемгі-күзгі-қысқы кезеңде «ГазПромНефтьБитум» серіктестігін табиғи газбен қамтамасыз ету толықтай шешіледі, - деді министр.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында экономиканың қалпына келу серпіні өндірістің барлық саласында байқалатынын айтқан Мамин өңір басшыларына жаңа тапсырмалар жүктеді.


Өзгелердің жаңалығы