Қазақстан 11,5 млрд доллардың тауарын экспорттаған

12 Мамыр 2021, 09:17
4087
Бөлісу:
Қазақстан 11,5 млрд доллардың тауарын экспорттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Қаңтар-наурызда сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт 11,5 млрд долларды құрады. Оның ішінде шикізаттық емес тауарлар экспорты 15 пайызға өсіп, 4 млрд долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 8,2 млрд долларды құрады. Оң сауда балансы 3,3 млрд доллардан асты. Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша 7,7 пайызға дейін жеделдеді, - деді ол.

Ерғалиев 13 өңір өңдеу өнеркәсібі бойынша оң нәтиже көрсеткенін айтты.

Ең жоғары өсу – Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, Алматы облысы. Өңдеу өнеркәсібі бойынша төмендеу төрт өңірде байқалды. Олар: БҚО, ШҚО, Атырау, Түркістан облыстары. Көптеген өңірде жоғары инвестициялық белсенділік анықталды. Ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Түркістан, Жамбыл облыстарында байқалады. Төмендеу БҚО және Атырау облысында байқалды, - деді министр.
Бұған дейін ол қызмет көрсету саласы қалпына келіп жатқанын айтты.


Өзгелердің жаңалығы