Қазандағы қайғылы оқиға: Ильназдың әпкесі оның қандай бала болғанын айтты

12 Мамыр 2021, 12:07
16599
Бөлісу:
Қазандағы қайғылы оқиға: Ильназдың әпкесі оның қандай бала болғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанда мектеп оқушыларына оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің жақын әпкесі қылмыскердің қандай бала болғанын айтты.

Оның айтуынша, Галявиев мектепте жақсы оқыған. Электроника жөндеуді ұнатқан. Бос кезінде көбінесе компьютерде отыратын болған.

Оған телефон да, компьютер де сатып алып беретін. Үнемі тыныш отыратын бала болған, - деді ол МК-ге берген сұхбатында.

Әйелдің сөзінше, Ильназ не себепті сабаққа баруын тоқтатқанын білмейді.

Мүмкін бірдеңе болған шығар? Мүмкін біреу ренжітті ме? Менің ойымша, оны қорқытқан болар. Ол 3 жыл бойы программисттің оқуын оқыды. Аз ғана қалып еді, - деді ол.

Ильназдың әпкесі оның және оның жақын туысқандарының алкогольге салынбағанын және наша шекпейтінін айтты. 

Бүгін Татарстанда қаралы күн.
Өзгелердің жаңалығы