Баспана бағасы қымбаттап барады

12 Мамыр 2021, 02:22
1417
Бөлісу:
Баспана бағасы қымбаттап барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика бойынша бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда):

- абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға;

- жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады.

- таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады.


Өзгелердің жаңалығы