Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өтеді

12 Мамыр 2021, 13:00
1761
Бөлісу:
Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры алдағы күндері КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өткізбекші.

Әнші Қазақ ұлттық театрының сахнасында өзінің құрметіне үлкен фестиваль өткелі отырғанын үлкен құрмет деп санайды. Оның үстіне карантиндік шаралардан кейін театрдың есігі айқара ашылып, көрермендерін қуантқалы отыр.

Әрине, театр менің шығармаларымнан тұратын мерекелік концерт дайындап жатқаны қуантады. Мен көптеген жыл бойы шығармашылық өмірімді сүйікті театрыма арнадым, бұл онымен байланысты ең жақсы естеліктер. Әлі күнге дейін сахна сыртының иісі жадымда, оны жақсы көремін және Ермек Серкебаевпен бірге орындаған партияларымды, опера сөздерін ешқашан ұмытпаймын. Менің анам соғыс жылдарында театр сахнасында ән айтты, ағаларым да осы ғимаратта өсті. Нағашыларым – көрнекті әншілер Ришат пен Муслим Абдуллиндер опера өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосты. Сондықтан ГАТОБ әрқашан менің жанымның мұнарасы болып қала береді, бұл альма-матер! Аталған фестиваль оны жыл сайын өткізу туралы ойға итермеледі. Өйткені көктемгі мамыр мезгілі - бұл біздің қаламыздағы жылдың ең әсем мезгілі, айнала гүлденіп, табиғат қайта туады. Биылғы Фестиваль еліміздің театр өмірінің лайықты бастауы және игі дәстүріне айналсын!, - дейді Әлібек Дінішев.
13 мамыр сағат 19.00-де Фестиваль П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсымен ашылады. Бұл спектакль кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі дәл осы спектакльде Әлібек Мұсаұлы Ленскийдің партиясын орындады. Ол артистің басты опералық рөлдерінің бірі екеніне дау жоқ.

Қоюшы режиссер Ирина Лычагинаның (Ресей) «Евгений Онегин» операсының жаңа қойылымы бұл өзіндік классик-модерн. Ол сахнада болып жатқан барлық сәтте - спектакль жүріп жатқан кезде өзгеретін декорацияларда, көрерменнің әсерін және әртістердің ойынын күшейтетін бейнеграфика және проекцияның жарық шешімдерінде кездеседі. Бұл спектакльде көрермендер күткен жаңа дүние. Сахналық декорациялар Пушкин ауылының атмосферасына толық еніп, алма бағының иісін сезінуге әсер етеді.

14 мамыр сағат 19.00-де Абай атындағы ҚазҰАОБТ үлкен сахнасында болашақ ұрпақ үшін эталонға айналған романстар, әскери әндер мен вокалдық циклдер орындалатын «Мамыражай күндерде...» концерті өтеді. Ұлы қазақ тенорының шығармашылығына көрсетілген құрмет ретінде опера труппасының жетекші солистері концертте камералық вокалдық шығармалардың алуан түрлі жанрлық бағдарламасын ұсынады.

15 мамыр сағат 18.00-де көрермендерге Дж. Вердидің «Травиата» операсы қойылады. 

«...Еркіндік пен қамсыздық, жарықпен мәңгі жарысып, жүректің мұңын еш білмеу – тағдырдың маған бергені...» Опера қойылымы театр репертуарында оның ашылуынан бастап пайда болды, бірақ қазір көрермендерге 2016 жылы Абай ат. ҚазҰАОБТ-да жаңартылған нұсқа ұсынылады.

«Травиата» - бұл үлкен стильдегі опера, сондықтан ондағы барлық костюм, декорация, интерьер егжей-тегжейлі және мүмкіндігінше дәл жасалған. Операда адам демалып, өзін мұражайдағыдай дерлік сезінеді: опера кешінде уақыт тоқтап, арнайы сіз үшін симфониялық оркестр әсем күйін ойнайды, сәнді декорациялар алма-кезек ауысып, керемет дауысты әншілер сіздер үшін шырқайды. Әлбетте, бұл өте қымбат сезім!», - деді қоюшы-суретші Вячеслав Окунев.

16 мамыр сағат 18.00-де Фестиваль Гала-концертпен аяқталады. Кеш бағдарламасында театрдың негізгі репертуары мен мәдени мұраның алтын қоры болып табылатын опералық қойылымдардан ариялар орындалады.

Өзгелердің жаңалығы