Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Атамқұлов

12 Мамыр 2021, 09:57
1574
Бөлісу:
Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша еліміздің өңдеуші өнеркәсібінің барлық секторында оң үрдіс сақталды. Жиынтық көрсеткіші 107,7 пайызды құрады. Машина жасау саласында 120,6 пайыз өсім болды, - деді Атамқұлов.

Министр қара металлургияда нақты көлем индексі 102,7 пайызды құрағанын айтты.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 26,2 пайызға артты. Саладағы өсім халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сұранысының артуы есебінде болды, - деді ол.

Министр көлік саласында көлем индексі 91 пайызды құрағанын жеткізді.

Транзиттік-контейнерлік тасымалдаудың оң динамикасы сақталды. Көрсеткіш 337 мың 520 фунттық баламаны құрады. Өсім 52 пайызға тең. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 1 млрд 700 млн тоннаны құрады, - деді ол.

Атамқұлов құрылыс саласында 4 ай бойынша көлем индексі 112,5 пайызды құрағанын айтты.

БҚО-дан басқа 16 өңірде оң көрсеткіш тіркелді. Тұрғын үй құрылысы бойынша 4 айда 3 млн 528 мың шаршы метр баспана салынды. Республика бойынша барлығы 28 874 баспана пайдалануға берілді. Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, - деді Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы