Ақтауда ескірген қоғамдық көліктің 95 пайызы жаңартылады

12 Мамыр 2021, 07:45
1219
Бөлісу:
Ақтауда ескірген қоғамдық көліктің 95 пайызы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр аймақ әкімдігі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе жоба жасақтаған еді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Отандық зауытта құрастырылған 18 автобус лизингтік бағдарлама арқылы қараша айында сатып алынды. Әрқайсының бағасы 40 млн теңгедей. Сондай-ақ тасымалдаушылар есебінен 30 қоғамдық көлік әкелінді. Қазір олар қалаішілік бағыттарда және Мұнайлы ауданына қатынайды. Биыл шаһар билігі тағы 16 автобусқа тапсырыс берсе, тағы 10 қоғамдық көлікті жеке кәсіпкер алдыртып жатыр.

Қала халқын қуантқан тағы бір жаңалық – биыл сплит-жүйе және әжетханамен жабдықталған 20 аялдама іске қосылады. 

Шілденің ортасында алғашқы аялдамалар Ақтаудың көшелерінде пайда болады. Жалпы алғанда 50-ге жуық аялдама жасауымыз керек. Биылғы жылға жоспарымыз 20 дана. «100 мобильді павильон» сияқты етіп заңдастырдық. Кәсіпкерлерді анықтадық. Тапсырыс беріп те қойдық. Wi-Fi қоямыз деп отырмыз. Әжетхана мен дүкен болады ішінде. Әжетханалары жұмыс жасап тұруы үшін септиктерге қосып береміз, – дейді қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Өзгелердің жаңалығы