КВИ мен пневмониядан 21 науқас көз жұмды

12 Мамыр 2021, 09:00
1492
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 21 науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 мамырдағы ақпаратты жариялады.

12 мамырдағы мәлімет бойынша, 40 056 адам коронавирус инфекциясынан (39 671 КВИ+ және 385 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 799 адамның жағдайы ауыр,
• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 122 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ мен пневмониядан 21 науқас көз жұмды

Бұдан бөлек ведомство COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де ұсынды.

2021 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша 13 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 25 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 53 584, өлім жағдайлары - 842, барлығы 52 357 адам сауығып шықты.

Өзгелердің жаңалығы