Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

12 Мамыр 2021, 18:23
2908
Бөлісу:
Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Аталған топқа ұдайы жол мәселесін көтеріп, өкілетті органдарға жиі барып жүретін қоғам белсенділері кірген. Облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен журналистер де осы құрамда.

Халықтық бақылау тобы өз жұмысын әдеттегідей аудан-қала әкімдігі және жол құрылысына жауапты мердігер мекемелерге алдын-ала ескертпестен, яғни жоспардан тыс атқаруында себеп бар.

Бұл ретте оларды облыс аумағында көлік жолдарының талапқа сай салынуын бақылайтын ұлттық сапа орталығының халық арасындағы «штаттан тыс өкілдері» деуге де болады.

Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Сонымен өкілетті органмен бірлескен алғашқы рейдтік шаралар Ақтау халықаралық әуежайынан басталды. Қалаға қосатын трасса бүгінде төрт жолақты болып өзгертіліп жатыр. Жобаның жалпы құны 11 млрд теңгеден асады.

Жоспарға сәйкес «Ақтау - Форт-Шевченко» бағытындағы тас жолды қайта жаңғырту аясында халықаралық әуежайдан бастап теңіз жағалауындағы 5 жұлдызды қонақ үйге дейін жаңадан трасса төселуі тиіс.

Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Жобаның алғашқы кезеңінде әлгі жолдың 5-29 шақырым аралығы кеңейтіліп жатыр. Қазір трассаның осы бөлігі жабық. Ақтаудан әуежайға Сайын Шапағатов ауылы арқылы айналып баруға тура келеді.

Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Жалпы өз басым бүгін жолдың сапасы қалай тексерілетінін өз көзіммен көрдім. Трассаның жобада көрсетілген техникалық өлшемдері іс жүзінде қаншалықты сақталып жатқанын мына бақылаушы мамандар мұқият қарап шықты. Соның нәтижесі бойынша акт толтырылды. Олған қол қойған азаматтардың қатарында біз де бармыз. Президент Тоқаев автомобиль жолдарының сапасына баса мән беру қажеттігін үнемі айтып келеді. Көңілі толмағасын халықтың тарапынан бақылауды күшейту керектігі жөнінде тапсырма берді. Жолдың салынғаны емес, уақытында бітпей тұрып тексеріп жатқан жайымыз бар. Осындай мониторингтік топтар көбірек болса екен дейміз, - деді Маңғыстау облысы бойынша халықтық бақылау тобының төрағасы Дайрабай Үсіпбаев.

Ақтау әуежайы жолынан мамандар бірнеше сынама алды. Олардың енді зертханалық жағдайда құрамы тексеріледі. Өз кезегінде топ мүшелері осы жұмыстардың басы-қасында болып, мұндағы жұмыстармен танысты.

Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Ақтау әуежайын кеңейту әуел бастан туристік бағытта қолға алынған жұмыс деп айтуға болады. Мемлекеттен осы бағытта қомақты қаржы бөлінді. Ертеңгі күні осы трассаны қолданысқа тапсырғанға дейін барлық жұмыстың талапқа сай болуын біз үнемі бақылап отырамыз. Бұдан басқа қалаішілік, ауылішілік және облысаралық көлік жолдарының да сапалы жөнделуін ұдайы назарда ұстайтын болып келістік мына жақтағы мамандармен бірлесе, - деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аят Сүгірбай.

Жол сапа орталығы мамандарының айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі жолдарға 63 рет тексеру шаралары жүргізілген. Бас-аяғы 170 сынама алынған. Олардың 20-ға жуығының сапасы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сай болмай шығыпты.

Маңғыстау облысында жолдардың сапасын халықтық бақылау тобы қадағалайды

Осыған орай, мердігер мекеме мен олардың қызметін тапсырыс берген әкімдікке қызметтік хат жолданды.

1-ші шағын аудандағы автокөлік орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі автомобиль жолы да қайта төселіп жатыр. Трасса ұзындығы 4,5 шақырым. Бұл, Ақтаудың іргесіндегі демалыс орындарына әсіресе жазда туристер мен өлке тұрғындары үшін көлік қозғалысын біраз жеңілдетеді. Жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуін осы топ мүшелерінің бірге өз бақылауымызға алып отырмыз, - деді аймақтық жол сапа орталығының басшысы Елтай Таялиев.

Халықтық бақылау тобы Ақтау-Жетібай-Шетпе бағытындағы көлік жолын барып, жарылып бүліне бастаған участоктары барлығына көз жеткізіп қайтты. Бақылау рейдінің қорытындысы Ақтауда жиында қызу талқыға түсті.

Кездесу хаттамасының өкілетті органдарға ресми түрде жолданатынын айтып отыр.



Өзгелердің жаңалығы