Все новости за 13 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Солтүстік Қазақстанда су қоймасы ернеуінен асып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы ернеуінен асып жатыр. Мамандардың айтуынша, асып-төгілу 1 см-ге жетті.
-
Сұлтан Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті.
-
Ерлан Тұрғымбаев Ресейдің Ішкі істер министрімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласында Қазақстан мен Ресейдің Ішкі істер министрлері – Ерлан Тұрғымбаев пен В.Колокольцевтің кездесуі өтті.
-
Қазақстандағы үш ұлттық паркті дамытуға 14,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін «Алтын-Емел», «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінің учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурстардың нәтижелері туралы хабарлайды.
-
Триатлоннан ел чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Қазақстан триатлон федерациясының бастамасымен триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті.
-
Байқоңыр әлемдегі ғарыштық туризмінің орталығына айналады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Байқоңыр» ғарыш айлағы – бай тарихы бар, аңызға айналған жер бетіндегі саусақпен санарлық жердің бірі. Сонымен қатар бұл өңірдің туристік әлеуеті де жоғары.
-
Мұхтар Тілеуберді Армида Алисджабанамен телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанамен телефон арқылы сөйлесті.
-
Қазақстанда Task Force құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Инвестицияларды басқару жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеу жөніндегі арнайы топ – Task Force құрылды.
-
«Заман-ай» онлайн концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Астана» концерт залында Қазақ оркестрінің Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Заман-ай» атты онлайн концерті өтті.
-
Жеңіс Қасымбек өңірдегі вакцинациялау барысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек коронавирусқа қарсы облыста жаппай вакцинациялау шаралары қалай жүріп жатқанын тексерді.
-
Скляр елорда маңын әуеден бақылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады.
-
6700-ден астам бозбала әскерге аттанады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 6700-ден астам бозбала әскерге аттанады.
-
Түркістанда жыл соңына дейін 700-ден астам отбасы баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласындағы құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс басында болды. Аймақ басшысы құрылыс барысында ең алдымен сапаға басты назар аударуды мықтап міндеттеді.
-
Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты.
-
Батыс Қазақстан облысында браконьерлерден 865 киік мүйізі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесі болды.
-
Шымкентте дін қызметкерлері вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов Ораза айының бірінші күні коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
-
Павлодар облысының әлеуметтік дүкендері арзан жұмыртқамен қамтылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әлеуметтік дүкендеріне жұмыртқа жеткізіле бастады. Өнім әлеуметтік бағамен тасымалданады.
-
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық тағайындаулар болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық тағайындаулар болды.
-
Көлгінов Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
«Халық Аренадағы» госпитальда дәрігер жетіспей жатқаны рас па?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Халық Аренадағы» госпитальда дәрігер жетіспей жатыр деген мәселеге қатысты пікір білдірді.
-
Елордалық оқушы АҚШ университетінен шақырту алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дина Жаныбекова Шырмауық Лигасы университетінен шақыру алды.
-
Түркістан қаласының әкімі вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қаланың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Президент министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Маман фишинг сайттардан қалай қорғану керек екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық тәсілдер туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте МТҚ АҚ-ның ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас айтты.
-
Журналистердің салық бойынша қарызды сұрауға толық құқығы бар – Әбдіхалықов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Тұлғалардың дербес деректері қалай қорғалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әсем Маденова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Ғылым саласы қызметкерлерінің еңбектері бағалануы керек – ғалым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 12 сәуірде ғылым саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Атаулы мерекеге орай, PhD докторы, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Millî Folklor журналының Қазақстандағы өкілі Бекарыс Нұримановпен еліміздегі ғылым саласының орны мен даму үдерісі туралы айтып берді.
-
Жеке мәліметтер желіге қалай шығып кетуі мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Алматы жолдарында 1 844 шұңқыр анықталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн брифинг барысында қаладағы жолдардың сапасы жайлы баяндады.
-
Қазнет қауіпсіздігі: Интернет-ресурстарының қауіпсіздігі тегін қорғалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Мамин Тоқаевқа есеп берді: Қыркүйекте 10 млн азаматқа екпе салынып, вакциналау аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Австралияда циклон тұрғындарды әбігерге cалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның батыс жағалауында тропикалық циклон ойран салды. Табиғаттың тосын мінезінен мыңдаған ғимараттың тас талқаны шықты.
-
Қарағандыда КВИ-ге қарсы 1 млрд теңге көлемінде дәрілік препарат бар – басқарма басшысы
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда коронавирус инфекциясымен күресуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті, материалдық-техникалық база жабдықталған. Бүгінгі таңда облыстың ауруханаларында 1 млрд теңге көлемінде дәрілер бар. Сондай-ақ госпитальдарда 4 мыңнан астам жатын орын ұйымдастырылған.
-
Павлодарда 157 мал иесі жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында 1800-ге жуық иесіз жүрген мал «қамауға алынды», деп хабарлады Polisia.kz.
-
Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурызбай қажы Тағанұлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Ақмола облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
Ақмола облысы. BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың қызметі ашық болу үшін үшін олардың құрамына волонтерлер мен журналистерді көбірек тарту керек. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.
-
Алматылықтар 31 қазанға дейін жылу мен ыстық су қарызын төлеп, өсімпұлдан құтыла алады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Қарызды төле - өсімпұлды алып тастаймыз!» атты акция басталды. Бұл туралы Алматы жылу жүйесі хабарлады.
-
Азия чемпионатында Қазақстан алтынға таласады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде гирек-рим күресінен финалыда бақ сынайтын спортшылар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қарағандылықтар вакцина салдыруда белсенділік танытуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда вакцинациялау пунктерінде екпе салдыруға келгендердің қарасы қалың. Халық ерікті түрде екпе салуға ниетті. Бүгінгі күні аймақ тұрғындарының жиырма мыңы вакцина алып үлгерген. Сәуір айының соңына дейін 217 мың адамға вакцина салу көзделуде.
-
ЕАЭО тауарларының тізіміне енбеген өнімдерді реттеу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатта «Талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналым тәртібі туралы келісімді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.
-
Жол салу жұмыстарының мердігерлері үшін талап қатаңдатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу сапасын жақсарту мәселелері талқыланды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
-
Рамазан – ізгілік пен парасатқа үндейтін ай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады.
-
Түркістан облысында 134 өзен мен көлде балық өсіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен - көл облыс аумағында орналасқан.
-
Соңғы 3 жылда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер саны 9 есе өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік пәтерлер саны артқанын, сол сияқты Алматы ауданында бірқатар мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
-
Байтайлақ батыр туралы тарихи драма жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Н.Назарбаетың бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» аясында ерлігі елге үлгі, ұрпаққа өнеге болған қазақтың батырларымен билерінің даңқын әйгілеп, тарихи бағасын беру бүгінгі күн назарындағы мәселе.
-
Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады.
-
Алматы облысының Көксу ауданына тоғыз блок бекет қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақылау бекеттері таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Ондағы полиция және жергілікті атқарушы органдардың мамандары әрбір ауылдық округке кіріп шыққан көліктер мен жүргізушілерді тіркеп жатыр.
-
Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 12 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
2 адамның өмірін қиған көлік жүргізушісі сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 59 жастағы әйел өліммен аяқталған жол апаты үшін сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.
-
Халық екпе салдыруға белсенді түрде келіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының жаппай вакциналау штабы еріктілерінің үйлестірушісі Жәнібек Солтанай қала тұрғындары екпе алу орындарына белсенді түрде келіп жатқанын айтты.
-
Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
#Желмая. Аяжан Еділованың жағдайы секілді оқиғалар бұрын да болған – заңгер
Жобамыздың бүгінгі қонағы заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сман.
-
Әкімдікте бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру тақырыбында өткен брифингте айтты.
-
Алматыда халықты вакцинациялауға мыңға жуық волонтер тартылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда халықты жаппай вакцинациялау ісіне 970 волонтер тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының жаппай вакциналау штабы еріктілерінің үйлестірушісі Жәнібек Солтанай онлайн брифингте айтты.
-
Доллар бағамы өсуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық қор биржасының мәліметіне сәйкес, теңгеге шаққандағы доллар бағамы өсуін жалғастыруда.
-
Биыл қандай азық-түлік өнімдері қымбаттады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев «Елордада азық-түлік бағасын тұрақтандыру» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.
-
20 жыл ішінде тұрғын үй нарығы қалай өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) зерттеу жұмысын жүргізіп, 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысының қалай дамығанын анықтады.
-
Кеше Алматыда 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды
Алматы, BAQ.KZ. Сәуірдің 1-12 аралығында қала бойынша барлығы 86 790 адам вакцина салдырған. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Балаева: Рамазан – ізгілік пен парасатқа үндейтін мезгіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен құттықтады.
-
ШҚО-ның Үржар ауданындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы ұзарады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жөндеуден соң Үржардағы әуежайдың ұшу-қону жолағы ұзарып, әуе кемелері тоқтайтын екі перрон салынады.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 672,1 млрд-тан астам теңге зейнетақы төленді
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ 2021 жылдың қаңтар - наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 205,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 465,4 млрд теңге бағытталды.
-
Коронавирус. 2-ақ облыс «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
COVID-19. Елімізде қанша адам вакцина қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір күнгі деректер бойынша еліміздің өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат жариялады.
-
Нығматулин: Айлардың сұлтаны саналатын Ораза айы – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақсылықтың жаршысы атанған Рамазан айының басталуымен барша қазақстандықтарды құттықтады.
-
Бүгін - Оразаның алғашқы күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айы мүбарак болғай.
-
Қазақстандықтардың 60%-ы ғана онлайн оқуға дайын - халықаралық сарапшы
Алматы, BAQ.KZ. II Нобель фестивалінің соңғы күні әлемдік және қазақстандық сарапшылар пандемияға кезіндегі білім саласының қиындықтары туралы бірнеше пікірталас өткізді.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 13 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
Коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 13 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
ШҚО-да қар жылдам еріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қар жылдам еріп жатыр. Өзен-көлдер арнасына тәуліктік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Хабар24.
-
Өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда 1197 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады.
-
Бір тәулікте 2016 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 12 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман халқын қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.
-
Токио Олимпиадасы бокссыз өтуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық күрес федерациясының жетекшісі және Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқару комитетінің мүшесі, сонымен бірге ХОК AIBA-ны бақылау жөніндегі арнайы комитетін басқаратын Ненад Лалович мырза Olympic.kz сайтына берген сұхбатында олимпиадалық боксқа қатысты жағдайды түсіндірді.
-
БҚО-да 800-ден астам киік мүйізі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында ірі көлемде киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қазақ баласы NASA-да тағылымдамадан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық 16 жастағы оқушысы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өтті. Ол «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 10-сынып оқушысы.
-
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізу үшін дайындықты бастады.
-
1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
-
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ресей Ұлттық кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
-
Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінің үздік ондығына кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесінің азиялық бөлімі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
-
5 өңірде өзен суы тасуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-16 сәуір аралығында Қазақстанның 5 өңірінде өзен суы көтерілуі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.
-
2021 жылғы ораза кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылға арналған ораза кестесі. Биылғы пітір садақа мөлшері – 420 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
-
Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі қазақстандық балуан, спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Наверх