Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен құттықтады.
Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет, - деді министр.
Сондай-ақ Аида Ғалымқызы «Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын» дей келе еліміздің барша мұсылман қауымының деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тіледі.