Мұхтар Тілеуберді Армида Алисджабанамен телефон арқылы сөйлесті

13 Сәуір 2021, 21:51
1532
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді Армида Алисджабанамен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхит үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанамен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбаттастар Қазақстан мен АзТМЭӘК арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайын және оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

А. Алисджабана Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысына Комиссияның ең жоғары басқару органы болып табылатын АзТМЭӘК 77-ші сессиясында төрағалық етуді ұсынды. Сессия 2021 жылғы 26-29 сәуірде Азия-Тынық мұхиты аймағының 53 елдерінің мемлекет, үкімет басшылары мен министрлерінің қатысуымен аралас форматта жоспарланған.

М. Тілеуберді бұл ұсынысты ризашылықпен қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы