Тұлғалардың дербес деректері қалай қорғалады?

13 Сәуір 2021, 17:27
1818
Бөлісу:
Тұлғалардың дербес деректері қалай қорғалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әсем Маденова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Дербес деректерді пайдалану және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «дербес деректерді қамтамасыз ету сервисі» енгізіледі. Ол заңнамаға енгізілген. Бірақ қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дербес деректер саласын күшейту тапсырмасына қатысты заңнамаға тағы да өзгертулер енгізуді қарастырып жатырмыз. Олар талқылау мен тыңдауларға шығарылды, - деді ол.

Маденова оның негізгі бағыты тұлғалардың дербес деректеріне қатысты болғанын айтты.

Оны кім пайдаланды, кім қарағанының барлығы мемлекеттік органдардың базасында жария түрде қолжетімді болады. Ол ХҚКО мен банктердің, өзге меморган қызметкерлеріне қатысты болады, - деді ол.

Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов нарық субъектілері кейде жеке мәліметтерді жинайтынын айтты.

Мысалы, дүкенге келгенде ешкім сізден жеке куәлікті сұрамайды. Бірақ тауарды қайта қайтару кезінде сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесін, сауалнама толтыртқызады. Оның мүлдем қажеті жоқ. Біз жеке мәліметтер керек болмаған жағдайда, олардың жеке мәліметтерін сұрауымен күресіп жатырмыз, - деді Әбдіхалықов.
Бұған дейін интернет-ресурстарының қауіпсіздігі тегін қорғалатыны және жеке мәліметтер желіге қалай шығып кететіні түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы