Рамазан – ізгілік пен парасатқа үндейтін ай

13 Сәуір 2021, 14:30
2974
Бөлісу:
Рамазан – ізгілік пен парасатқа үндейтін ай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар! Еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен шын жүректен құттықтаймын.

Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл.
Өкінішке орай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет.
Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.


Өзгелердің жаңалығы