Жол салу жұмыстарының мердігерлері үшін талап қатаңдатылды

13 Сәуір 2021, 14:45
3349
Бөлісу:
Жол салу жұмыстарының мердігерлері үшін талап қатаңдатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу сапасын жақсарту мәселелері талқыланды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық жолдардың сапасына қатысты жағдайды түзету туралы тапсырмасы ескерілді. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсарту мақсатында авторлық және техникалық қадағалауды күшейту болды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сыны әділ. Егер азаматтардың шағымдары болса, онда біздің жұмысымызда, кемшіліктер бар деген сөз. Олқылықтар қысқа мерзімде түзетілуі тиіс. Адамдарға сапалы жол керек. Ол жолды адамгершілікпен сапалы түрде жасайық, - деп атап өтті «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқарма төрағасы Ұлан Әліпов кеңеске қатысушыларға арнаған сөзінде. 

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Ұлан Әліпов мердігерлік ұйымдардың басшыларына, авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне автожолдарды салу мен жөндеуде қолданылатын барлық материалдардың сапасын қатаң бақылауға алуды, нысандарды техникалық қадағалауға тұрақты түрде қатысуды, әрбір технологиялық процесті қадағалауды, сондай-ақ орындалған жұмыстардың бекітілген жобалау-сметалық және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкестігін бақылауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы