Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық қор биржасының мәліметіне сәйкес, теңгеге шаққандағы доллар бағамы өсуін жалғастыруда.
Таңертеңгі сауда қорытындылары бойынша доллар бағамының орташа бағамы 433,54 теңгені құрап, 0,12 теңгеге көтерілді. 13 сәуірдегі курстың ресми бағамы 433, 40 теңгені құрады.
Кurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматы қаласының ақаша ауыстыру орындарында доллардың орташа бағасы 431,91 теңгеден сатылуда. Сатып алу бағасы – 432, 87 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының ауыстыру орындарында доллар орташа 433, 96 теңгеден сатылуда, сатып алу бағасының орташа құны 432, 87 теңге.