Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді

13 Сәуір 2021, 20:10
1795
Бөлісу:
Қызылордада жаңа шектеулер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Онда адам көп жиналатын діни, мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынды. Бұған қоса, ұжымдық ауызашар өткізуге де болмайды.

Сондай-ақ, боулинг, компьютерлік клубтардың, түнгі және ойын клубтарының, караокенің қызметіне, қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға рұқсат етілмейді.

Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 8 сәуірінен бастап Қызылорда облысы «сары» аймаққа енген болатын. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізу мақсатында №8 қаулы қабылданды – дейді облыстың бас санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Яғни шектеулермен және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен:

-балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының жұмысы топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын алу жазылу бойынша;

-қоғамдық көлік жұмысына;

-банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері жұмысына 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақыт шектеуімен;

-ұйымдар, офистердің жұмыстарына 50%- күндізгі режиммен;

-қоғамдық тамақтану объектілеріне толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7-ден 24-ке дейін жұмыс істеуге;

-сауналар жұмысына (жексенбіден басқа);

-30 адамға дейін мәдениет объектілерінің жұмысына (дайындық);

-толтырылуын 20%-дан артық емес етіп театрлар, кинотеатрлар, концерт залдарының жұмысына рұқсат беріледі.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді. Құрметті облыс тұрғындары, эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюді сұраймыз, - деді Динара Жаңабергенова.

Өзгелердің жаңалығы