Журналистердің салық бойынша қарызды сұрауға толық құқығы бар – Әбдіхалықов

13 Сәуір 2021, 17:40
1475
Бөлісу:
Журналистердің салық бойынша қарызды сұрауға толық құқығы бар – Әбдіхалықов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Журналистердің салық бойынша қарызды сұрауға толық құқығы бар. Ол МКД-ға барып кез келген қызықтырған тұлға бойынша салық мәліметтерін сұрай алады. Қазір әрбір мемлекеттік қызметкерге декларация енгізіледі. Барлық мәлімет сонда көрсетіледі. Журналистерге бұл бойынша ешқандай шектеу жоқ, - деді ол.

Әбдіхалықов айтқандай, қарапайым азаматтарда салық көрсеткіштерін сұрауға қызығушылығы болмайды.

Кәсіби тұрғыдан біз қызметке ешқандай шектеу қоймаймыз. Ал жеке тұлғаларға біреудің салықтық мәліметтерін сұрап, өзгелердің құқығын бұзбауы керек, - деді Әбдіхалықов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке тұлғалардың ЖСҚ-сы мен аты-жөні кіреді.

Өзге мәліметтер оған кірмейді. Дербес тұлғалардың жеке мәліметтері мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен тарап кетуіне қатысты қомақты айыппұл салынады. Ол 500 АЕК-ні құрайды. Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай айыппұлды төлеуге құштар емес деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, Дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы Әсем Маденова тұлғалардың дербес деректері қалай қорғалатынын айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы