Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы

13 Сәуір 2021, 12:16
1500
Бөлісу:
Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы. Осы кезеңде адамзатты ырыс-ынтымаққа шақыратын рухани құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Отыз күн оразада қайырымдылық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету де игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биыл да Рамазан айы бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан азаматтарымыз қалыптасқан кейбір рәсімдерді орындауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарына құлақ асқаны жөн. Бұл ретте халқымыз жауапкершілік танытады деп сенеміз.

Ниет еткен жандарға ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деймін. Береке-бірлігіміз арта берсін. Әр шаңырақ шаттыққа кенелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы