Все новости за 1 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Екібастұз қаласында жертөледен өрт шығып, 42 адам эвакуацияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқыс жағдай Энергетиктер көшесі, 44 А мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде орын алған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
-
Өскеменде республикалық Президенттік қысқы көпсайыс өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында Президенттік қысқы көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
-
Пробация қызметкерлері көпбалалы анаға компьютер табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғыс айту күні – қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін айтулы күн. Қазақстандықтар осы күні бір-біріне өз ризашылығын білдереді, құрмет көрсетеді.
-
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуын ескере отырып, 2 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Түркістанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай 60-тан астам іс-шара өткізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында Жамбыл Жабаевтың туған күніне орай, Түркістан қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында орнатылған ескерткіштер мен бюстеріне гүл шоқтары қою іс-шарасы өткізілді.
-
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді.
-
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Алғыс айту» күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында «Magnum Cash&Cary» сауда орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, сол сияқты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алғыс айту күні бір күнмен шектелмейді — Максим Рожин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғыс айту мен жақсылық жасау бір күнмен шектелмейді. Алғысты да, жақсылықты да күнделікті жасауымызға болады деп жазды Facebook-тегі парақшасында Максим Рожин.
-
ТЖД қызметкерлері аммиак төгілген нысандағы «апатты» жойды
Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында Алматыдағы ТЖД қызметкерлері «CarlsbergKazakhstan» ЖШС-дағы авариялық жағдайлар бойынша кәсіби апаттық-құтқару командасын тарта отырып, «аммиактың төгілуіне байланысты қызметкерлердің іс-қимылы» тақырыбында жаттығу өткізді.
-
Елордада аула хоккей лигасының V маусымы жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аула хоккей лигасының V маусымының финалдық ойыны өтті.
-
Алғыс айту күні. Атырауда дәрігерлерге ерекше сый жасалды
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Алғыс айту күнінде ақ халаттыларға ерекше сый жасалды.
-
Елордада «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 1 наурыз - «Алғыс айту күніне» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы тыңдармандарына «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концертін ұсынды.
-
Алғыс айту күні: Жастар жолаушыларға шоколад таратты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді жастары Алғыс айту күніне орай акция ұйымдастырды.
-
Астанада Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты Бектұров көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
-
Дариға Назарбаева Тараздағы «Қамқорлық» оңалту орталығында болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығында және Тараз қаласындағы №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептерде орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінде болды.
-
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерткіш ашылатын жерге тас орнату жұмысына қатысты.
-
«Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды.
-
Ертіс өңірінде 1 мыңнан астам педагог екпе алады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде мыңнан астам мұғалім COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алады. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып қабылдағандардың қатарында облыстық білім беру басқармасының басшылығы болды.
-
Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз Алғыс айту күні Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткіш белгісіне гүл шоқтары қойылды.
-
Алтай Көлгінов бүгінгі күннің батырларына алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында пандемияның қиын кезеңдерін бірлесе еңсерген жандарға алғыс айтты.
-
Алматыдағы автобус апаты. Зардап шеккендердің бірі көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. 27 ақпан күні Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында автобус қағып кеткен әйелдердің бірі көз жұмды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Коронадағдарыс салдарынан елімізде кедейшілік деңгейі өскен
Алматы, BAQ.KZ. Биылғы жылы әлемдегі пандемия салдарынан орын алған коронадағдарыс елде кедейшілік деңгейін арттырып жіберді.
-
Дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» конкурсы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Мәдениет порталы» бірлесіп «Ауылым – алтын тұғырым» дәстүрлі әдеби онлайн конкурсын жариялады.
-
Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктем басталысымен оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Жер астына түсіп кеткен КамАЗ 400-ге жуық үйді жылусыз қалдырды
Алматы, BAQ.KZ. КамАЗ-ды көтере алмай опырылып түскен жерде жылу құбыры бүлініп, сол маңдағы халық жылусыз қалған. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і хабарлады.
-
Оқушылар мектепте оқи ма, жоқ па? Вице-министр ата-аналарды мазалаған сұраққа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі парақшасында 1-5-сынып оқушыларын аралас форматқа көшіру туралы жазба жариялады.
-
Қазақстан мәңгілік ел болса, осы мемлекетте өмір сүріп жатқан барша ұлт мәңгілік боламыз – Мұхиддин Имашев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы Мұрат Хамраев атындағы ЖББ № 150 мектебінің директоры Мұхиддин Имашев Алғыс айту күні мерекесінің ерекшелігін атап өтті.
-
ҚХА Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің белгіленгеніне 5 жыл толуына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының дөңгелек үстелі өтті.
-
Ұлттық экономика экс-вице-министрі жаңа қызметке ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Директорлар кеңесінің шешімімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына Юсупов Мейіржан Бақытұлы тағайындалды.
-
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында әр үйдегі газ құрылғыларының орнатылу тәртібі жаппай тексеріледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
«Алматы жастары» баспанамен қамту бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров онлайн брифинг барысында аталған бағдарламаға енгізілген өзгерістерді атады.
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың бірінде Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды.
-
Назарбаев орталығында шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев бірқатар шетелдік дипломатиялық өкілдік басшыларымен кездесті, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.
-
Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған, алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккен жолаушылар жоқ.
-
Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
-
Алматыда асфальт жарылып, жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиға орнынан түсірілген бейне жазбалар әлеуметтік желіде пайда болды.
-
Еліміздің барлық азаматының бір-біріне деген құрмет күні – Мұрат Әйтенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының әкімдігінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаланың әр жерінде ұйымдастырылған мерекелік құттықтаулар мен концерттік бағдарламалар онлайн режимде көрсетілді.
-
COVID-19: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. «Аман-саулық» ҚҚ «COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы қаласы тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің өтініштерін қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефондарының жұмысын ұйымдастыру» жобасын іске асыруға кірісті.
-
Түрікменстан Президенті әйелдерге 8 наурызға 2 доллардан сыйақы үлестіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түрікменстан тұрғындарына ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің 2 доллардан сыйақы берілмек. Бұл туралы Centralasia.media хабарлады.
-
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге тез жету жолы пысықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында ТЖ Департаменті «2ГИС» компаниясымен бірлесіп, ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жері туралы ақпаратты 2ГИС платформасында орналастыру бойынша жоба әзірледі.
-
Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Халқымыз қиын-қыстау сынақ жылдарында қамыққан жанға қамқор болды – Бас мүфти
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алғыс айту күнімен құттықтады.
-
Алматыда академик Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстандағы механизмдермен машиналар теориясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың туғанына 90 жыл толуына орай «Болашақ механикасы» атты Екінші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы басталды.
-
Эксклюзив: Қырғыз Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат
Бішкек. BAQ.KZ. 2-3 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Осы сапар қарсаңында Қырғыз басшысы «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ порталдары үшін эксклюзив сұхбат берген болатын. Сұхбаттың видео және мәтіндік нұсқасын агенттік оқырмандарының назарына ұсынамыз.
-
Павлодарлық антрополог нумизматика музейін ашуды жоспарлауда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің антрополог-ғалымы Эдуард Лампартер еліміздегі алғашқы нумизматика музейін ашуға ниетті. Қазіргі таңда қолында музейге жететін жәдігерлер қорын жинақтаған.
-
Талип Усманов: Алғыс айту күні - кеңпейіл қазақ халқына терең тағзымның белгісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде Алғыс айту күні. Айтулы мереке осымен қатарынан алтыншы жыл тойланып отыр.
-
Шынайы достық – ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел өңірлерінде ашылған «Қоғамдық келісім» үйлерін қазақстандықтардың Достық үйлері деп те атайтыны белгілі. Өңірлік ассамблеяларды ашудағы басты мақсат – көпұлтты және көпконфессиялы халқымыздың татулығын, достығын нығайту. Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» үйінің директоры Ермек Нұғыманов ассамблея жұмысы мен Алғыс айту күнінің мән-маңызына тоқталды.
-
Медсақтандырумен қанша қазақстандық қамтылған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізілген бір жылдың қорытындысы туралы айтты.
-
Алматы әкімдігінің бұрынғы қызметкері адам өлтіргені үшін айыпталуда
Алматы, BAQ.KZ. «Алматы қаласының Шаруашылық басқармасы» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істеген азамат адам өлтіргені үшін айыпталуда.
-
Ауылға баратын жас дәрігерлерге берілетін көтерме жәрдемақы ұлғайтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Елімізде 20 ірі заманауи клиника салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
-
Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақ еліне мың алғыс» монументінде Алғыс айту күніне арналған алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтті.
-
Еревандағы армян достарынан хат алып тұрған пошташы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен ғасырдың 60-жылдары Торғай жеріне де өзге ұлт өкілдері ағылып келе бастаған-ды. Әрине, жергілікті халық оларды жатырқаған жоқ. Қолындағы барымен бөлісіп, бауырына тартты.
-
Қазақстанда МСАК ұлттық орталығы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді.
-
Аймағамбетов ұстаздарға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алғыс айту күнінде ұстаздарға алғыс айтып, facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды.
-
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде өмір сүріп жатырмыз - ҚХА
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласындағы Орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев Алғыс айту күніне орай өткен онлайн брифингте айтты.
-
Биыл АИТВ-мен ауыратындарды антиретровирустық терапиямен қамту 73% құрады – Шоранов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов 2020 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың жалпы көрсеткіші 31,6% құрағанын жеткізді.
-
Өңірлерде ана өлімі азаймай отыр. Өйткені, босандыратын маман тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ұлттық денсаулық сақтау жобаларына трансформациялау туралы мәлімдеді.
-
Бір аптада қандай қылмыстар жасалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Ораз брифинг барысында айтты. Ол елдегі криминогендік жағдай туралы айтып берді.
-
Жыл басталғалы 100-ден астам мал ұрлығы тіркелді – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифинг барысында айтты.
-
2022 жылға қарай медициналық қызметтер тарифі қайта қаралмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық қызметтерге арналған тарифтер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруды ескере отырып, қайта қаралады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
-
Армениядан жеткізілген автокөліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифинг барысында айтты.
-
Қазақстанда «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылы «биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленетінін айтты.
-
Биыл КВИ вакцинасын 6 миллионға жуық қазақстандық алады – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылға дейін Қазақстанда шамамен 6 млн қазақстандық коронавирустық инфекциядан вакцинацияланады, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен 2021 жылға арналған міндеттер бойынша ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
-
Дәрігерлердің жалақысы өседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда.
-
Алматыда ҚХА аллеясы отырғызылды
Алматы, BAQ.KZ. 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай Алғыс айту күні атап өтіледі.
-
Мал ұрлығына қатысқан 192 адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері 100-ден астам мал ұрлығы тіркелді.
-
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Әшімбаев: Бұл – адамгершіліктің, әділеттіліктің және жасампаздықтың жарқын көрінісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл өткен сайын қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурызда tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды.
-
Елорда «қызыл» аймақтан шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше «қызыл» аймақта болған елорда коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа қайта кірді.
-
Граффити-жазулардан келетін қауіп көп – полиция полковнигі
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында жыл басынан бері есірткі құқық бұзушылығының 154 дерегі тіркелген. Оның ішінде 34-і есірткіні сату қылмысы болса, 15-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаған. 2 топ есірткі құралдарының контрабандасымен айналысса, 103-і қылмыстық теріс қылықтар болып саналады.
-
Пневмониядан бір тәулікте 3 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 1 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
20 140 адам коронавирустан емделіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.
-
Бұл күн Қазақстан халқының бірлігін паш етеді – Назарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
-
Бүгін – Алғыс айту күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кеңқұшақ құрмет еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
-
547 кісі коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 547 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Өткен тәулікте 622 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 622 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
Наверх