Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

1 Наурыз 2021, 14:42
2010
Бөлісу:
Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

3 210 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 481 адам, анықтамасыз 729 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз - 340;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 177 жолаушы, анықтамамен - 788; анықтамасыз - 389.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 27 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 473 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы