Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

1 Наурыз 2021, 16:34
2722
Бөлісу:
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыздың бірінде Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды.

Бірінші наурыз, яғни Алғыс айту күні «Шын Жүректен»: Jurekten.kz әлеуметтік, волонтерлік жобасы басталды.

Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

Еліміздің тұрғындары алғыс білдіргісі келетін адамдарына «рақметін» жеткізе алады. Ол үшін сайтқа кіріп, алғыс жіберу жеткілікті. Жылы сөздерді кез келген адамға: ата-ана, алғашқы мұғалім, дәрігер немесе бейтаныс адамдарға да арнауға болады, - делінген хабарламада.
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды

Жоба жетекшісі Black & White Production компаниясының атқарушы продюсері Адина Хамардың айтуынша, «рақмет» деп айту қиын нәрсе емес, оны естіген адамның да қуанып қалатыны сөзсіз. 

Біз қазір пандемия тудырған, қиындықтар мен шектеулер әсер етіп жатқан ерекше уақытты бастан өткеріп жатырмыз. Біздің жобаның мақсаты – адамдарды осындай күрделі кезеңде біреуге шын жүректен алғыс айтып, ризашылық білдіруге шақыру, - деді ол.

Жоба авторлары қазір жақсы жаңалықтардан гөрі жағымсыз жаңалықтарды жиі естиміз дегенді алға тартады. 

Біздің айналамызда көбінесе ызалы және қатыгез адамдар өмір сүретін сияқты. Бірақ мейірімділік, жақсылық жасау, махаббат сезімдері қайда қалды? Әрине, бұл қасиеттер жоғалып кеткен жоқ, тек олар туралы адамдар қазір аз айтады. Сондықтан өз оқиғаларымызбен бөлісіп, айналамызда қанша қамқор адам бар екенін көрейік! - дейді олар.


    

Өзгелердің жаңалығы