Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

1 Наурыз 2021, 18:54
3018
Бөлісу:
Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыз Алғыс айту күні Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткіш белгісіне гүл шоқтары қойылды. 

Каскад алаңында, ескерткіштің жанында ҚХА, этномәдени бірлестіктер, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен еріктілер жиналды. Бұл туралы Қарағанды облысы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.

Алғыс айту күнінің басты идеясы - ортақ тарихи естелік негізінде Қоғамдық келісім мен азаматтық бірегейлікті, жалпыұлттық бірлікті нығайту. Бұл күні 1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгін біз мейірімділік танытып, түрлі этностарды өз туыстары ретінде қабылдаған қазақ халқына алғыс айтамыз. Бір шаңырақтың астында бейбітшілік пен келісімде жаңа белестерді бағындырамыз, - деді Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев.

Шара барысында аға буын естеліктерімен бөлісті, ал жастар өлеңдерімен ризашылықтарын білдірді.

Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Этностар Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіреді, еліміз кез келгеннің тең мүмкіндігі бар және бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін ошаққа айналды. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі ең бейбітсүйгіш мемлекет деп таныды. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының да еңбегі, - деп есептейді «Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Григорий Долидзе.

Еске сала кетейік, қиын жылдары депортацияланғандарды қолдаған қазақ жері мен халқына деген алғысты білдіретін ерекше мүсіндік композиция екі жыл бұрын Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігінің бастамасымен пайда болды. 

Облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағайымы Лилия Ким естелік белгінің символикасы туралы айтып берді. 

Қарағандыда «Қазақ еліне мың алғыс» ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Қазақ еліне мың алғыс» қазақстандық корейлердің бес буынының сабақтастығын білдіреді. Композиция қашап жасалған тас - депортация жылдарында корейлердің бастан кешкен қиындығын көрсетеді. Сонымен бірге бұл көмір-кеншілер шаһары Қарағандының символы. Лотосқа келетін болсақ, бұл гүл корей халқының ерекше сүйіспеншілігіне ие, өмірдің, азаптан босаудың, қайта тірілудің символы болып есептеледі. Бүгінде Қазақстанда тұратын этностар оның бір бөлігіне айналды. Біз мықты әрі тұрақты ел құрып жатырмыз, - деді Лилия Ким.

Өзгелердің жаңалығы