Алматыда ҚХА аллеясы отырғызылды

1 Наурыз 2021, 10:40
1483
Бөлісу:
Алматыда ҚХА аллеясы отырғызылды

Алматы, BAQ.KZ. 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай Алғыс айту күні атап өтіледі.

Алғыс айту күнін мерекелеудің мақсаты - ортақ тарих пен тарихи жады негізінде қоғамның топтасуын, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді көрсету, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту. Ортақ тарих, қазақтар мен барлық этностың бір-біріне қолдауы арқасында бастан кешкен ортақ қиындықтарды еске алу негізінде Қазақстан халқының бірлігін сақтау және дамыту.

Бұл күні Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен түрлі іс-шаралар өткізіледі.

28 ақпанда Алматы қаласының Республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары қазақ әдебиетінің танымал классигі, жазушы-академик, қоғам қайраткері Сәбит Мұқанов атындағы саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясын ұйымдастырып, ағаш отырғызды.

Іс-шараға Мәжіліс депутаттары А.М. Хамедов, В. Г. Нәбиев, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушылары мен студенттері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, БАҚ, этностар қатысты.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

30 ағаш көшеттері – емен мен каштан отырғызылуының үлкен мәні бар.

Іс-шараның бастамашылары - Мәжіліс депутаты А.М. Хамедов және «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары.

Алғыс айту күні - еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен белгіленген. Біз үшін ерекше мереке деп атап өтті. Ол қазақстандықтардың бірлігін, ынтымағы мен достығын паш етіп, бір-бірімізді бағалауға, сүюге және құрметтеуге үйретеді. Біз аға буын өкілдері ретінде жастарға ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды дарытуымыз керек, - деді Хамедов.

Қазақстанның  «Вайнах» шешендер және ингуштар қауымдастығының төрағасы А.С. Мурадов өз сөзінде, шешен халқы депортацияның ауыртпалығы туралы жақсы білетінін айтты. Көптеген адам республикаға жер аударылған жылдары мейірімділік, қонақжайлылық және жомарттықкөрсеткен қазақ халқына алғыс білдіре отырып,  Алғыс күні бір-бірімізге түсіністік пен өзара құрмет үшін алғыс айтуға мүмкіндігіміз бар деп атап өтті.

Ахмед Сейдрахманұлы «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.М. Хамедовқа бастамашылдығы, патриотизмі және белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Алғыс айту күні, бұл тек алғыс білдіріп қана қоймай, бірлік пен келісімді нығайтатын, жағымды эмоцияларды білдіруге мүмкіндік беретін айтулы мереке. Бүгін біз өте үлкен мерекені бесінші рет атап өтудеміз, ол жастардымейірімділікке, бір-біріне деген құрметке, барлық моральдық қасиеттерді бойына сіңіруге тәрбиелейді. Мерекенің бес жылдығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының атынан баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтаймын және үлкен рахмет айтамын,-деді ол.

Іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында Сәбит Мұқанов атындағы саябақта емен және каштан ағаштарының көшеттерін отырғызды, көктем мерекесі, бірлік, Алғыс айту Қазақстан халқының достығын, сенімін, құрметін және өзара түсінушілігін одан әрі нығайтады деген ортақ пікір білдірді.

Көшеттер отырғызу акциясының бастамашылары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М. Хамедов және «әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері салтанатты іс – шараға қатысушылар үшін бай мерекелік дастархан-ыстық бауырсақтар, ыстық палау және самаурыннан ыстық шай ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы