Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады

1 Наурыз 2021, 09:01
1529
Бөлісу:
Мамин Алғыс айту күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.

Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды. 

Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары – ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болып қала береді деп сенемін. 

Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын! Барлық қазақстандықтарға, әр отбасына зор денсаулық және амандық тілеймін!


Өзгелердің жаңалығы