Елімізде 20 ірі заманауи клиника салынады

1 Наурыз 2021, 12:44
2529
Бөлісу:
Елімізде 20 ірі заманауи клиника салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 487-ден астам МСАК нысанының құрылысы көзделген. Сондай-ақ, мұндай мекемелерді 137 ауылдық елді мекенде де ашу жоспарланып отыр, - деді Цой.

Осы шараны іске асыру нәтижесінде, министрдің айтуынша, тіркелген халықтың 1 860-тан 1 700-ге дейін бір жалпы тәжірибе дәрігеріне (ЖТД) жүктемені төмендету арқылы пациенттердің дәрігерге қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Медициналық ұйымдар желісін жаңарту үшін 2025 жылға дейін ескі және авариялық, оның ішінде:

- МЖӘ механизмі бойынша қалаларда 20 ірі заманауи клиника;

- 4 ғылыми республикалық орталық,

- 2 республикалық аурухана;

- 6 қалалық және облыстық аурухана;

- 18 аудандық аурухана мен емхана;

- жалпы сипаттағы трансферттер және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған 840 объектіні (оның ішінде ауылдық деңгейдегі 766 объект) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жоғарыдағы нысандардың орнына 50 жаңа нысан құрылысы қолға алынбақ.

Осы шараларды іске асыру нәтижесінде медициналық ұйымдар ғимараттарының тозуы 2023 жылы 58%-дан 44%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы жеке инвестициялардың үлесі 37%-дан 42,8%-ға дейін артады, - деп түйіндеді Алексей Цой.


Өзгелердің жаңалығы