Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

1 Наурыз 2021, 12:40
5008
Бөлісу:
Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақ еліне мың алғыс» монументінде Алғыс айту күніне арналған алғыс білдірудің салтанатты рәсімі өтті. 

«Қазақ еліне мың алғыс!» монументі Түркістан мен Бұқар Жырау көшелері қиылысында орналасқан.

Салтанатты шара Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен өтті.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығын атап өтіп жатыр.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Айта кетейік, бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Салтанатты шарада Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі Сауытбек Әбдірахманов халықты мерекемен құттықтады.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Көктемнің алғашқы күнін еліміздегі тағы бір тамаша мерекемен – Алғыс айту күнімен атап өткелі отырмыз. Бұл күні қазақ жерін мекендеген сан түрлі ұлт өкілдері тар кезеңде, тар дастархандағы бір үзім нанды бөліп жеген, тар шаңырағынан ығысып, орын берген қазақ халқына разылық сөзін айтады. Біз қазір гүл шоғын қойғалы отырған монументтің өзі де «Қазақ еліне мың алғыс!» деп аталады. Қазақстан – қазыналы ел. Бірақ бұл елдің басты қазынасы жердің астында да емес, үстінде де емес. Бұл елдің басты қазынасы – адамдардың жүрегінде. Ел иесі, жер иесі қазақ халқының төңірегіне топтасқан елдің татулығында, тыныштығында. Осы тыныштық пен татулықты көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Сонда бәрі: мереке де, береке де болады. Біз біргеміз! Сондықтан берік іргеміз! Қашан да жақсылық болсын! Қазақ елінің аспаны ашық болсын! Мереке құтты болсын! – деп сөз сөйледі депутат.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева бүгін ерекше күн екенін атап өтті.

Бүгін бәріміз үшін ерекше күн. Өйткені 1 наурыз - көктемнің алғашқы күні. Қазақстан халқы Ассамблеясының туған күні. Бұл күн Алғыс айту күнімен сәйкес келіп тұр. Мен үшін бұл мерекенің маңызы зор. Өзге этнос өкілдері Қазақстан жерінде, киелі қазақтың жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Әрине, ең біріншіден, Елбасыға алғысымыз шексіз. Қазақ халқы сонау қиын-қыстау заманда өз қиындықтарына қарамастан, әр түрлі этнос өкілдерін өз панасына алды. Сол үшін қазақ халқына ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Қазақ жеріне, қазақ халқына алғысымыз шексіз. Сондықтан бүгінгі күнді қасиетті күн деп айтсақ та қателеспеймін. Өйткені әр адамның өмірінде алғыс айтатын адамдары көп. Ең біріншіден, бізге өмір, білім берген ата-аналарымызға, тәлім-тәрбие берген ұстаздарымызға да алғысым шексіз, - дейді ол.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Өз сөзінде депутат Көкшетау қаласындағы ұстаздары мен әріптестеріне алғысын жеткізді. 

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Олардың арқасында мен өсіп, тәжірибе алдым. Бүгінгі күн - бәрімізді байланыстыратын, қуантатын күн. Бір-бірімізге әрқашан рахмет, алғыс айтып жүрейік. Күнде алғыс айту күні болсын, - деді ол өз сөзінде.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Іс-шара барасында ҚХА жастар қанаты өкілдері сөз сөйлеп, қазақстандықтарға, ұстаздарға, ата-аналарға, ақ халатты абзал жандарға, меценаттарға және волонтерлерге алғыстарын білдірді.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Салтанатты рәсім кезінде қатысушылар «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Еске сала кетейік, Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен Қазақстанда 1 наурыз - Алғыс айту күні деп белгіленді.

Алғыс айту күні: «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтары қойылды

Өзгелердің жаңалығы