Все новости за 17 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Тараз қаласында өрттен 5 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда 19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 м/а бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерінің бірінде 25 шаршы метр көлемде өрт оқиғасы (үй жиһаздары мен заттар жанған) орын алған.
-
Әйелдер күресінен Токио олимпиадасына қатысатын балуандар есімі белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманғосов Токио Олимпиадасында белдесетін балуандар тізімін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, 3 адам ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда құрылыс жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам жарақат алды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.
-
Үндінің танымал актері қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндінің атақты "Диско-биші" фильміндегі танымал актер Чандрашехар қайтыс болды деп хабарлады РИА Новости.
-
Елорда әкімі елді мекендердің дамуы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес тағы 130 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, 85 км нөсер кәрізі, қосалқы станса мен 177 км электрмен жабдықтау желілері, 23 км жылумен жабдықтау желілері, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстары салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
АҚШ-та аптап ыстық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Батыс аумағының көптеген бөлігінде термометр бағанасы көтеріліп, ауа райының мұндай экстремалды жағдайының онжылдықтарға созылған құрғақшылықтың жаңа нормасына айналу қаупін тудырып отыр.
-
Ақмола облысында көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында теміржол көпірінен құлап, суицид жасамақшы болған 32 жастағы әйел құтқарылды.
-
Мәжілісмендер ҮЕҰ-ның қолдау орталығымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында Парламент Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Қанат Нұров, Дания Еспаева, Тілектес Адамбеков, Айгүл Құспан, Ирина Унжаковамен бейресми кездесу өтті.
-
Қызылорда облысы Сырдария ауданында 20 мың гектардан астам жерге күріш егілді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Сырдария ауданында су тапшылығы, егін шаруашылығы мәселелері оңтайлы шешілуде. Атап айтсақ, су жүретін каналдар тазартылып, су қоймасы салынып жатыр. Ал егін алқаптары кезекпен суарылуда.
-
Еліміздің мемлекеттік архивтерінде құжат қоятын жер жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпшілігінің қоймасы 100 пайыз толған. Мәселені тез арада шешпесе, тарихи дереккөздер жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанындағы Адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді.
-
Әлі де іркілістер бар: Мемлекет басшысы газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейне байланыс режимінде өткен жиын барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Кевин Лайон баяндама жасады.
-
Сарапшылар Атыраудағы шала туған нәрестенің өліміне қатысты сот шешіміне күмән келтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бүгін Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлерін қолдау мақсатында медицина, сот-медициналық сараптама және адвокат саласындағы жетекші сарапшылардан тұратын бастамашыл топ баспасөз мәслихатын өткізді.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Қатарымыз толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұйратау Ұлттық табиғи паркте еру болған салт аттылар қатары тағы бір адаммен толықты.
-
Семей әкімдігі ескі ғимараттың бұзылуына байланысты құқық қорғау органдарына жүгінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Семей қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бұрынғы көпестің үйін рұқсатсыз бұзу фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жолдады.
-
Павлодар облысында бір жылда донорлар 10 мың рет қан тапсырады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің медицина мекемелерінде қан тапшылығы жоқ. Павлодарлық донорлар ауруханалардың қажеттілігін толық орындап келеді.
-
Түркістан облысында мектеп түлектері Абайдың ескерткішін орнатты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекеніндегі Қ.Әбдалиев жалпы орта мектебінің 2000 жылы оқу бітірген түлектері 20 жылдық мерейтойы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап қазақтың бас ақынының ескерткішін орнатты.
-
«Карантин шаралары былтырғыдай күшейтіледі» желіде осындай ақпарат тарап жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде «Хабар» телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді таратылуда. Жүргізушілер 20 және 21 маусымда елде карантиндік шаралар күшейтіледі, ірі сауда үйлерінің жұмысына және қалалық көлік қозғалысына тыйым салынады деп мәлімдейді.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда іргесіндегі Бозоқ қалашығының жұртынан басталған салт аттылар Бұйратауда еру болды.
Бұған дейін сапардың алғашқы күні мен алғашқы 100 шақырымды жүріп өткені жайлы хабарлаған едік. Одан кейінгі жол жайлы ақпарат байланыс жүйесінің нашарлығынан берілмеген еді.
-
Ақсәуле Ерқасымова таеквандодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Бейрут қаласында өтіп жатқан таеквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы төртінші жүлдесін иеленді деп хабарлады Olympic.kz.
-
Алматыда Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің жанынан қаланың Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кеңес құрылды.
-
Облыста ағаштан және саманнан салынған 51 мектеп бар – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Даниал Ахметов «Nur Otan» партиясының «Әр азаматқа лайықты өмір» бағдарламасы аясында мектеп салу мәселесі бойынша отырыс өткізді.
-
Елордадағы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы жалғасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы алдағы сенбі, яғни 19 маусым күні де жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада 55 рет орман өртенді, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Жамбыл облысындағы атыста бес адам жараланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында атыста бес адам жаарақат алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Сенаторлар 2020 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есептерді қарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
-
Маңғыстаулық полицейлер заңсыз сақталған 40 қаруды тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы аумағында 17 мамыр мен 17 маусым күндері аралығында «Қару-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Академик Оразалы Сәбденнің 40 ой-пайымнан тұратын жаңа кітабы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «Ойлы кітап» атты кітабының тұсаукесері өтті.
-
Біз ештеңеге қол жеткізбедік – Трамп Байден мен Путиннің кездесуі туралы өз пікірін білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байден мен Владимир Путиннің саммит барысындағы кездесуі туралы айтты. Бұл туралы FoxNews телеарнасы хабарлады.
-
Түлектердің рекордтық саны «Алтын белгі» иегерлері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 738 түлек 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген болатын, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
Пандемия кезінде Ұлттық қордың трансферті өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезінде Ұлттық қордың трансферті өскен. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
-
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды.
-
Десантшылар түнде парашютпен секіруді орындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талдықорғанда 150-ден астам десантшы Д-6 және «Бүркіт» парашюттерін пайдалана отырып, түнде секірді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Масадан толық құтыла алмаймыз – Әбілқайыр Сқақов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде масамен күреске қатысты сұраққа жауап берді.
-
Қытайлық үш астронавт ғарышқа ұшады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай 3 ғарышкерін ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Депутат еліміздің қауіпсіздігіне әсер ететін басты қатерді айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау кезінде сенатор Ақылбек Күрішбаев су тапшылығы мәселесін көтерді.
-
Бекшин оқушылар мен студенттер офлайн режимде білім алу үшін не істеу қажеттігін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте «Студенттер күзде білімді қандай форматта алады?» деген сауалға жауап берді.
-
Баянауыл ауданына тартылған ауызсу құбырлары неге іске қосылмай тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде жауап берді.
-
Қарағандыда жас жігіт жаяу жүргіншіні қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ВАЗ көлігін мінген жас жігіт Қарағандыдағы жолаушыларға арналған жаяу өткелден өтіп бара жатып, адамдарды қағып кетті.
-
Павлодар облысында экологиялық ахуалды жақсарту үшін не істеліп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.
-
Сқақов ауылдық бизнесті дамытуға арналған өңірлік бағдарлама туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі Business Ertis кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы туралы баяндап берді.
-
Қазақстанда халықтың 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп, жаза алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда халықтың 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп жаза алады. Бұл туралы Алтынбек Нухұлы айтты.
-
Алматыда 207 шетелдік дипломат вакцинаны тегін салдырды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.
-
Екібастұз экономикасын энергетикалық кешенге тәуелділіктен арылту көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.
-
Дәрігер шаш түсуіне әсер ететін факторларды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дәрігер, білікті невропатолог Айгүл Өмірбекқызы шаш түсу - бұл өте өзекті проблемалардың бірі екенін айтты.
-
ТМД құрамындағы тағы бір ел коронавирусқа қарсы препарат әзірледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТМД құрамындағы тағы бір ел коронавирусқа қарсы препарат әзірледі.
-
Бюджетті тиімсіз жұмсаған 11 лауазымды тұлға жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова жыл басынан бері бюджет ақшасын тиімсіз жұмсаған 11 лауазымды тұлға жазаланғанын айтты.
-
Бекшин халық вирусты қайдан жұқтырып жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте тұрғындардың коронавирусты жұқтырып жатқан орындарды таады.
-
Алматыда 23%-ды иммунды қабат қалыптасты – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте қалада коронавирустың таралуы екі есеге азайғанын мәлімдеді.
-
Ұядай мұражай
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты Әлкей Марғұлан ауылы деп аталатын шағын ғана ауыл бар. Бүгін біз осы шағын ауыл жайлы, ондағы ұядай мұражай жайлы айтпақпыз.
-
Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы қайтыс болды.
-
Былтырғы бюджет қалай атқарылды. Министр жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын таныстырды.
-
Еңбек нарығында колледж түлектеріне сұраныс қандай?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетов колледждерге білім грантын тағайындауда еңбек нарығына зерттеу жасалатынын айтады.
-
БҒМ Mail.kz порталымен бірлесіп, цифрлық білім беруді күшейтпек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрлігі Mail.KZ электрондық сервиске арналған Ұлттық порталымен бірлесіп, цифрлық білім беруді күшейтеді. Ол үшін тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
-
Бензин бағасы әлі өседі, көлік иелері осыған дайын болуы керек – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда барлық маркалы бензин бағасы қымбаттады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ең сұранысқа ие АИ-92 бензин бағасы мамыр айында литрі үшін 171,3 теңгені құрап, жылына 12,8% пайызға өссе, АИ-95/96 бензинінің бағасы литрі үшін 192,1 теңгеге жетіп, жылдық өсім 11,6%-ды құраған.
-
Шағын станциялардағы теміржолшылар да екпе алуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мыңдаған адамдардан тұратын ұжымы COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдыруда, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
-
Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан командасы 3 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Бейрут қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда.
-
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің өңірлерінде «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды.
-
Биыл 20 мың жас кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдан бастап «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған 140 мың тыңдаушының 44%-дан астамы 17-ден 29 жасқа дейінгі жастар. Олардың 19 мыңы өз ісін ашқан.
-
Ешқандай химиялық зат ағып кетпеді. Өртенген зауыттың директоры түсініктеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры Нақберген Төлепов 16 маусым, сәрсенбі күні кәсіпорында болған өртке қатысты түсініктеме берді.
-
Вакциналау мәселесінде өзімшілдік танытуға болмайды – дәрігер
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының неврологиялық бөлімінің меңгерушісі Макшарип Мартазанов тұрғындарды вакциналау мәселесінде өзімшіл болмауға шақырады. Дәрігер вакцинаның тиімділігі және екпе алудың не үшін маңызды екендігі туралы айтып берді.
-
«ҚазМұнайГаз» зауыттарының бірінде өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 маусым күні сағат 23.15-те Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС мекемесінің компрессорлық цехының ауамен салқындату құрылғысы өртке оранды.
-
Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады.
-
ДСМ: КВИ мен пневмонияға шалдыққан 435 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 17 маусымдағы ақпаратты таратты.
-
Коронавирус: Эпидахуалды бағалау матрицасы өзгеріссіз тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Шымкентте симуляциялық орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған симуляциялық орталық ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Өткен тәулікте 1052 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1052 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1145 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
АҚШ Moderna компаниясынан тағы 200 миллион доза COVID-19 вакцинасын сатып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ үкіметі америкалық Moderna компаниясынан тағы 200 миллион доза COVID-19 вакцинасын сатып алды, деп хабарлады Reuters.
-
Алматыда жаңа креативті кеңістік ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуникативті кеңістік AlmaU базасында құрылды және Қазақстан үшін пилоттық жоба. Ол Ресейдің түрлі қалаларында 110-нан астам ұқсас кеңістіктен тұратын «Қайнар нүктесі» желісіне қосылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
Испания электромобиль өндірісін дамытуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания Еуроодақтың елді қалпына келтіруге бөлгелі отырған қаржысының бір бөлігін электромобиль өндірісін дамытуға жұмсамақ, деп хабарлайды 24.kz.
-
Алматылық азамат алаяққа алданып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жоқ шамдарды сатып 25 млн теңге тапқан алаяқ ұсталды.
-
Шымкентте 80 мың теңгеге әскери билет әперемін деген алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әскери билет әпермекші болған азамат қолға түсті, деп жазды otyrar.kz.
-
Франция коронавирустық шектеулерді жеңілдетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияның премьер-министрі Жан Кастекстің мәлімдеуінше, 17 маусымнан бастап ел тұрғындарына көшеде қатаң түрде маска кию міндетті емес, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Азия чемпионаты: Смайыл Дүйсебай таеквондодан күміс жүлде иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошы Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Түркістан облысында 150-ге жуық адамның атына несие рәсімдеген әйел ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 150-ге жуық тұрғынды алдап, аттарына кредит рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды.
-
Еліміздегі ең үлкен көпірдің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында еліміздегі ең ұзын көпір салынады, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Наверх