Алматыда 207 шетелдік дипломат вакцинаны тегін салдырды

17 Маусым 2021, 13:11
2920
Бөлісу:
Алматыда 207 шетелдік дипломат вакцинаны тегін салдырды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте айтты.

Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина шетелдік азаматтарға жоспарлы түрде тегін салынатынын айтты.

Осы уақытқа дейін Алматыда 207 шетелдік азаматқа вакцина салынды. Олар Қазақстанға тұруға келген дипломаттар және олардың отбасы мүшелері. Бұл екі елдің келісімімен жасалған шаралар, - деді ол.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин шетелде коронавирустың жаңа штамдары тарап жатқанын, соған орай вирус жұқтырушылардың арасында тексеріс жүргізіп тұратындарын айтты.

Наурыз айында вирустың тарауы артқан тұста зерттеу жүргізілді, ол кезде науқастардың 70%-ында британиялық штамм анықталды. Бұл жұмыс жалғасын тауып отырды. Мамыр айының соңында науқастардың 84%-ында британиялық штамм болды. Қазір британиялық штамнан бөлек үндістандық, бразилиялық және даттық штамды анықтау бойынша зерттеуді бастап жатырмыз. Алдағы уақытта Оңтүстік Азияда кеңінен тарап жатқан вьетнамдық штамға да зерттеу жүргізуді қолға алмақпыз, - деді Бекшин.
Бұған дейін ол халық вирусты қайдан жұқтырып жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы