Алматыда 23%-ды иммунды қабат қалыптасты – Бекшин

17 Маусым 2021, 12:17
3103
Бөлісу:
Алматыда 23%-ды иммунды қабат қалыптасты – Бекшин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте қалада коронавирустың таралуы екі есеге азайғанын мәлімдеді.

Маусым айы басталғалы Алматыда коронавирус жұқпасының тарауы екі есе азайды. Соңғы тәулікте коронавирустың 112 жағдайы тіркелді. Наурыз айында – 9,5 мың жағдай, сәуірде 20 мыңға дейін жеткен. Қазір аурушаңдық деңгейі төмендеп, тұрақтанды. Бұл қалада коронавирусқа қарсы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесі, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау бар, - деді ол.

Сондай-ақ ол Алматыда қазір 23%-ды иммунды қабат қалыптасқанын айтты. Халықтың 18%-ы вакцина алған, 5%-ы ауырып жазылғандар.

Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды. Бұл «жасыл аймақ» параметрлеріне сай, - деді Бекшин.
Сонымен қатар ол 19 маусымнан бастап Алматы қаласы мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енетінін айтты. Жаңа құжатқа сәйкес бизнес үшін бірқатар жеңілдік белгіленген.
Өзгелердің жаңалығы