Алматылық азамат алаяққа алданып қалды

17 Маусым 2021, 05:55
2772
Бөлісу:
Алматылық азамат алаяққа алданып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жоқ шамдарды сатып 25 млн теңге тапқан алаяқ ұсталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Польша шамдарын сататынын айтып, жарнама жасаған. Тұтынушылардан алдын ала ақша алып, өзінің қызметі үшін де ақы сұраған.

Жергілікті тұрғын полицияға люстраны да, ақшаны да ала алмайтынын түсінген кезде жүгінген. Көтерме сатушы алаяққа 25 миллион 740 мың теңге төлеген. Күдікті 64 жастағы П. есімді ер адам өзінің жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеушілер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Өзгелердің жаңалығы