Испания электромобиль өндірісін дамытуға ниетті

17 Маусым 2021, 06:18
1138
Бөлісу:
Испания электромобиль өндірісін дамытуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испания Еуроодақтың елді қалпына келтіруге бөлгелі отырған қаржысының бір бөлігін электромобиль өндірісін дамытуға жұмсамақ, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы Брюссель Испанияға індеттен туындаған дағдарысты еңсеру үшін 70 миллиард еуро қаржы бөлмекші. Мәселе алдағы апталарда Еуропалық кеңесте талқыланады. Мадрид оның бір бөлігін электромобильдерді шығаруды ұлғайту үшін көлік компанияларын ынталандыруға қолданбақшы. Ал ресми дерекке қарағанда Испанияда электрмобильдердің сатылымы Еуропаның өзге елдеріне қарағанда төмен. Ол тек мемлекетте сатылған бүкіл көліктердің 5 пайызын құрайды.

Испанияда электрлі технологиялар өзге еуропалық елдерге қарағанда баяу дамып келеді. Бірақ Еуроодақ тарапынан қаржылай көмек бөлінген соң жағдай өзгеріп, барлық қалаларда электромобильдер көбейеді деп сенеміз, – дейді E-BUSKAR компаниясының бас директоры Фран Рамис.



Өзгелердің жаңалығы