Бюджетті тиімсіз жұмсаған 11 лауазымды тұлға жазаланды

17 Маусым 2021, 12:32
1527
Бөлісу:
Бюджетті тиімсіз жұмсаған 11 лауазымды тұлға жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова жыл басынан бері бюджет ақшасын тиімсіз жұмсаған 11 лауазымды тұлға жазаланғанын айтты.

Годунова атап өткендей, бюджет қаражатын пайдалануға қатысты бірқатар мәселе бар.

Барлық мемлекеттік аудит органы анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құрады. Әрбір теңге есепшотта болуы керек уақытта бұған жол берілмейді. Сондықтан біз былтырғы жылы бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тек екі анықтама ғана енгізілді.  Жаңа норма жұмысының нәтижелері бойынша тағы үш анықтаманы қарастыру туралы шешім қабылданды, - деді Годунова.

 Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері 11 шенеунік жазаланған.

Норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заңбұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға септігін тигізуде. Бірақ әзірге тек өте тар шеңберде қолданылуда, - деп қорытындылады Есеп комитетінің басшысы.
Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы