Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

17 Маусым 2021, 17:57
2515
Бөлісу:
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда іргесіндегі Бозоқ қалашығының жұртынан басталған салт аттылар Бұйратауда еру болды. 
Бұған дейін сапардың алғашқы күні мен алғашқы 100 шақырымды жүріп өткені жайлы хабарлаған едік. Одан кейінгі жол жайлы ақпарат байланыс жүйесінің нашарлығынан берілмеген еді. 

Сонымен, Олжабай батыр ауылынан аттанған жігіттер сапардың үшінші күні «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы Қараағаш бұлағының жағасына тоқтады. Олжабай батыр ауылынан шыққан соң бірден табиғи парк аумағына кірген экспедиция мүшелері табиғат көркіне көз тойдырды. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

Әсіресе топты арқар, үйірлі марал көзге қуаныш сыйлайды. Көзге таныс, жанға жылыұшырайтын мекен. Бұған дейін де екі рет жүргенбіз бұл өлкеде. 2019 жылы Астана-Баянауыл бағытында жүрген сапарда да, өткен күзде шағын топпен осы Қараағаш бұлағында қона жатып сапар жасаған едік. 
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

Бұйратау Ұлттық табиғи парк аумағы еліміздің екі өңірін - Қарағанды облысы мен Павлодар облысы аумағын алып жатқан мекен. Жан-жануардың оннан астам түрі, өсімдіктің 600-ден астам түрі бар. Табиғи парк жайлы алдағы уақытта парктің қызметкері Нұрым Сағалиевпен болған сұқбатымыздан толығырақ оқитын боласыздар. 
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

Қараағашта бір күн ерулеп, ат тынықтырдық. Күн ыстық, жер қуаңшылыққа ұшырай бастапты. Жаңбыр жаумағалы да біраз уақыт болған. Шөп қурап, жердің шаңы шыға бастапты. Бұл туралы да алдағы уақытта арнайы жазатын боламыз. 

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

Бір күн еру болған соң, «Бұйратау» Ұлттық табиғи парк аумағынан аттандық. Алдағы меже - Әлкей Марғұлан ауылы.

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Бұйратауда еру болды

Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласынан Жидебайға дейін 1000 шақырымды атпен жүріп өтетін тарихи сапардың ақпараттық демеушісі BAQ.KZ ақпарат агенттігі.


Өзгелердің жаңалығы