Алматыда жаңа креативті кеңістік ашылды

17 Маусым 2021, 07:14
3911
Бөлісу:
Алматыда жаңа креативті кеңістік ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коммуникативті кеңістік AlmaU базасында құрылды және Қазақстан үшін пилоттық жоба. Ол Ресейдің түрлі қаласында 110-нан астам ұқсас кеңістіктен тұратын «Қайнар нүктесі» желісіне қосылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Қайнар нүктесі болып табылатын QAYNAR BULAQ негізгі жұмыс бағыттары қаланың барлық тұрғындарын қызықтыратын тақырыптардағы іс-шаралар болады, олар: білім, туризм және қалаларды дамыту, бизнесті дамытудың перспективалық бағыттары, жаңа технологиялар – үлкен деректер және жасанды интеллект.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл жобаның мегаполис үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, оның стратегиялық бағыттарының бірі – шығармашылық индустриялар мен АT-ны дамыту. Түрлі қауымдастықтар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысуы қаланың технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және білім беру жөніндегі міндеттерін орындаудың шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы