Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қайтыс болды

17 Маусым 2021, 12:02
1727
Бөлісу:
Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы қайтыс болды.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат kris.p.almaty.official парақшасында хабарланды. 

Розыбакиев-Ходжанов көшелерінің қиылысында құрылысшы биіктен құлап өлді. 16 маусым күні кешке, - делінген жазбада.

Қалалық полиция баспасөз қызметі аталған дерек тіркелгенін атап өтті.

Аталған қылмыстық істі Бостандық аудандық ПБ тергейді. Тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы